13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

23 февраля, 2026
in Денсаулық
0
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады.

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Жоба қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және инвестицияларды тартуға бағытталған.

Келісім Шымкент қаласындағы Polpharma Santo компаниясында 300 жаңа жұмыс орнын аша отырып, ірі инвестициялық жобаның жаңа кезеңінің басталуына жол ашты. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражатты қоса алғанда 39,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Жаңа өндірістік қуаттар онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік затты шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, саланың тұрақты технологиялық базасын қалыптастырады, халық үшін дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталған.

Жалпы алғанда, фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды, бұл саланың кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын, инвестициялық тартымдылығының артуын, өндірісті локализациялау үшін орнықты базаның қалыптасуын және елдің дәрілік қауіпсіздігінің нығаюын көрсетеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Next Post

Исполнение поручений Главы государства: 39,5 млрд тенге частных инвестиций направят на расширение фармпроизводства в Шымкенте

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі