13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

23 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. «QazEcoPack» ЖШС-ның скотч шығаратын өндіріс желісі іске қосылып, алғашқы өнімдер өндіріле бастады. Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті құттықтады.
– Алдымен баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімекттің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканың нақты секторын күшейту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде тапсырма берді. Өңірімізде осы бағытта жұмыс жалғасуда. Бүгін біз Түркістан облысының дамуы үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында жаңа зауыт ашылып, жұмыс орындары құрылды. Біз үшін әрбір өндіріс орны мен жоба маңызды. «QazEcoPack» компаниясы жобасының іске қосылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді. Осы бастаманы жүзеге асырған Халмет Думан ағамыз бен кәсіпорын ұжымына сәттілік және табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
Зауыт құрылтайшысы әрі директоры Думан Халмет инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын білдіріп, «TURAN» арнайы экономикалық аймағының ұсынған мүмкіндіктері мен көмегіне риза екенін жеткізді.
Компания бастапқы және қайта өңделген шикізаттан полиэтилен қаптама өнімдерін өндіруге бағытталған өндірістік жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын отандық нарықты сапалы өніммен қамтып, импорт көлемін азайтуға және қайта өңдеу үлесін арттыруға үлес қосуды көздейді.
Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Соның бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл зауытта жылына 1 500 000 дана скотч өндіріледі. Өнімдер Қазақстан мен ТМД елдеріне жеткізіледі.
Ал екінші кезең 2026 жылдың желтоқсанында жүзеге асып, жылына 350 000 келі стрейч-пленка және 80 000 дана ауа-көпіршікті пленка шығару жоспарланған. Үшінші кезең 2027 жылы іске асырылып, жылына 500 000 келі полиэтилен өнімдері өндіріледі деп күтіліп отыр.
Кәсіпорынның жұмысын бастауы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Бірінші кезеңде 20 адам жұмыспен қамтылды. Ал алдағы кезеңдерде тағы да жұмыс орындары құрылмақ.
Жобаның жалпы құны – 1,21 млрд теңге. Қазіргі уақытта 1440 м² аумақтағы өндірістік ғимарат пайдалануға беріліп, жұмысқа кірісті. Алдағы уақытта қосымша 5 760 м² аумақта тағы 4 ғимарат салу жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

 Молодежь и IT-сообщество Алматы поддержали конституционную реформу

Next Post

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі