«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалында ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жоспарлы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің негізгі міндеті – партияның құрылымдық бөлімдері арасындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, саяси және ұйымдастырушылық науқандарды сапалы сүйемелдеу.
Есепті кезеңде облыс, қала және аудандық деңгейде барлығы 78 фракция отырысы өткізіліп, 164 мәселе қаралды. Онда сайлауалды бағдарламалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бақыланып, аудан және қала әкімдерінің, басқарма басшыларының есептері тыңдалып, нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Сонымен қатар қысқы маусымға дайындық, инфрақұрылым, жылу және газбен қамту, резонансты мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасарлары мен жауапты басқармалар, аудан-қала әкімдері және мекеме басшылары есеп берді.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында 338 мәслихат депутаты бар. Оның 284-і «AMANAT» партиясынан сайланған, 266-сы – фракция мүшелері. Қалған мандаттар өзге партиялар мен партиясыз депутаттарға тиесілі.
Есепті кезеңде облыстық Саяси бюроның 7 отырысы өткізіліп, 8 басқарма басшысының есептері тыңдалды. Сонымен қатар депутаттық этика талаптарын бұзу және сайлауалды бағдарлама тармақтарының орындалмауына байланысты бірқатар мәслихат депутаттары мен фракция жетекшілеріне партиялық шаралар қолданылды. Қазіргі таңда облыс бойынша 425 Саяси кеңес мүшесі және 162 Саяси бюро мүшесі бар.
2025 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірге бірнеше жұмыс сапарлары ұйымдастырылды. Бұл сапарлар барысында жауапты басқармалар бекітіліп, күнделікті есептер жинақталып отырды. Сауран және Сайрам аудандарында өткен медиа-сүйемелдеу іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жалпы сапарлар аясында 146 кездесу өткізіліп, 10 мыңнан астам сайлаушы қамтылып, 27 қоғамдық қабылдау өткізілді.
Түркістан қаласында ауыл округі әкімдерінің форумы өткізілді, қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант ұйымдастырылып, облыс республика бойынша бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ республикалық ауыл әкімдерінің бірінші форумына Түркістан облысынан 144 ауыл әкімі қатысуы қамтамасыз етілді.
2025 жылы облыс бойынша 73 ауыл әкімі сайлауы өткізілді. Сайлау науқандары барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2024-2025 жылдары қайтарылған қаражат есебінен 4,58 млрд теңге бағытталып, 579 жоба қаржыландырылды. 2025 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 7,4 млрд теңгенің 3,4 млрд теңгесіне 401 жоба іске асырылды. 2026 жылға бұл бағытта 15,3 млрд теңге қарастыру жоспарлануда.
Нұрлан Мейірқұлов,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық
филиалының Ұйымдастыру бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі




