13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КАДРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН САПАЛЫ БАСҚАРУ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

12 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
КАДРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН САПАЛЫ БАСҚАРУ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында және Ұлттық құрылтай отырыстарында отаншыл азаматтарды елдік мәселелерге тарту, саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейту, партиялық кадрлардың кәсібилігін арттыру, персоналды басқаруда ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Бұл міндеттер партия ұйымдарының күнделікті жұмысында нақты нәтижелермен көрініс табуы тиіс.

Осы бағытта 2025 жылы «AMANAT» партиясының Түркістиан облыстық партия филиалында персоналды басқару саласында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды. Партия Орталық аппараты бекіткен штаттық кестеге сәйкес облыс бойынша барлығы 73 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Оның 20-сы облыстық филиалда, ал 53-і аумақтық партия филиалдарында қызмет атқаруда. Бұл құрылым партияның жергілікті деңгейде тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр.

2025 жылы облыс бойынша 10 вакансия тіркеліп, оның ішінде 3 аумақтық филиал басшысы және 7 консультант лауазымдары орталық аппарат белгілеген мерзімдерде толық жабылды. Кадр іріктеу процесі талаптарға сай жүргізіліп, Орталық аппарат тарапынан ескерту болған жоқ. Барлық қызметкерлердің еңбек шарттары ЕҢБЕК.KZ ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізіліп, жұмыстан шыққан қызметкерлердің шарттары заңнамаға сәйкес мерзімінде бұзылды.

Айта кетерлігі, 2025 жылы облыстық партия филиалында бірде-бір вакансия тіркелмеді. Соңғы бес жылда мұндай кадрлық тұрақтылық алғаш рет байқалып отыр. Бұл – ұжымдағы басқару мәдениетінің, ішкі ұйымдастырудың және әлеуметтік-психологиялық ахуалдың оң нәтиже бергенін көрсетеді.

Президенттің жастарды қолдау және оларды саяси-қоғамдық жұмысқа тарту жөніндегі тапсырмалары аясында жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс бағдарламалары арқылы 8 жас маман жұмысқа қабылданып, жыл соңына дейін түрлі бөлімдерде қызмет атқарды. Бұл бастама партия кадрлық резервін қалыптастыруға және жас буынның тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді.

Құрылтайда көтерілген басқару сапасын арттыру және цифрландыру міндеттеріне сәйкес, «Документолог» және жаңа МЕТА ДОК ақпараттық жүйелерін енгізу бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Қызметкерлердің құжат айналымы мен өтініш беру рәсімдері біріздендіріліп, ашық әрі тиімді форматқа көшірілді.

Кадрлық тұрақтылық, әділ бағалау, цифрландыру және жауапкершілік – партияның қоғам алдындағы сенімін нығайтатын басты факторлар. Осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, облыстық партия филиалы алдағы уақытта да тиімді әрі нәтижелі жұмысты жалғастырады.

Нұрболат ЕРМЕКБАЕВ,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының персоналды басқару жөніндегі консультанты

Previous Post

Түркістан облысында заңсыз ағаш кесуге қарсы бақылау күшейтілді

Next Post

2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 73 АУЫЛДЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі