13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді

3 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты.

Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді. Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халық билігінің рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру екені атап өтілді. Бұл бастама қазіргі жаһандық геосаяси үдерістер жағдайында еліміздің ішкі тұрақтылығы мен құқықтық негізін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Жиында сөз сөйлеген университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев Конституцияның қоғам өміріндегі орнына тоқталды. Оның айтуынша, Ата заң – әрбір азаматтың құқықтық санасын қалыптастыратын басты құжат, сондықтан оны білу мен түсіну баршаға ортақ міндет.

Кездесу барысында қоғамда жиі талқыланып жүрген жер мен тіл мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа қатысты сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек нақты деректерге сүйене отырып, 1995 жылы қабылданған Конституция кезеңіндегі демографиялық жағдай мен бүгінгі ахуалды салыстыра отырып, кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Сәрсен Құранбек тіл мен жер мәселесін саясиландырып, қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған пікірлерге сын көзбен қарау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай маңызды кезеңде әр азаматтың мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоюы аса маңызды.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойында Мемлекет басшысының қазақ тілінің Қазақстандағы ұлтаралық қатынас тіліне айналғаны жөніндегі пікірі де атап өтілді. Бұл қазақ тілінің қоғамдық кеңістіктегі рөлінің артқанын көрсетеді.

Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу жастардың құқықтық сауатын арттыруға және ел болашағына қатысты азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Айта кетейік, жаңа Конституция – тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіне сай әзірленген стратегиялық маңызы бар құжат. Ол мемлекеттің дамуына, қоғамның сұранысы мен халықтың еркін ескеруге бағытталған құқықтық негіз ретінде бағаланып отыр.

Previous Post

Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды

Next Post

ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі