13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды

3 февраля, 2026
in Uncategorized
0
Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы жолы тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 26 отбасы көптен күткен қонысына ие болды. Оларға Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарында орналасқан жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды.
Жаңа пәтер иелерінің басым бөлігі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар санатына жатады. Атап айтқанда, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар мен жетім балалар бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асып жатқан маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаладағы тұрғын үй саясаты әлеуметтік әділдік қағидаттарына негізделіп, нақты мұқтаж азаматтарға бағытталған.
Айта кетейік, тұрғын үйлерді бөлу үдерісі қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес, белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бұл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында баспана мәселесін жүйелі түрде шешу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қорын қалыптастыру мақсатында әкімдік тарапынан 544 пәтер сатып алынып, «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Банк тарапынан барлық ұйымдастыру және келісімшарттық рәсімдер жүргізіліп, 2025 жылы 235 пәтер иелеріне табысталды. Ал жылдың басынан бүгінге дейін 241 пәтер берілді. Қалған пәтерлер ағымдағы жылы кезек тәртібіне сәйкес үлестірілетін болады.

Previous Post

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМ ИНСТИТУТЫ

Next Post

М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі