13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

20 января, 2026
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Жиында Президент Сыр өңірінің тарихи, рухани және әлеуметтік-экономикалық маңызына кеңінен тоқталды.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау және Көкшетау қалаларында өткенін еске сала отырып, Қызылорданың халқымыз үшін орны ерекше аймақ екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, «Сыр – Алаштың анасы» деген сөз бұл өңірдің ел тарихындағы айрықша рөлін айқын көрсетеді. Ол Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ секілді көне қалалардың орны қазақ жерінде ерте замандардан дамыған қала мәдениеті болғанын дәлелдейтінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорданың бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғанын еске алып, бұл жерде мемлекет болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ Сыр бойының жыраулық, жыршылық және күйшілік өнердің ірі орталығы екенін, Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды өнер майталмандары шыққан өңір екенін айтты.

Президент Сыр өңірінің еңбек адамдарына бай екенін атап өтіп, Кеңес дәуірінде бұл аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққанын, ал әйгілі күрішші Ыбырай Жақаевтың ерен еңбектің символына айналғанын айтты.

Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да тоқталды. Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қызылорда облысының ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскенін, үш жылда өңірге шамамен 2 триллион теңге инвестиция тартылғанын айтты. Былтыр 27 инвестициялық жоба іске асырылған. Оның ішінде жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырғанын атап өтті.

Сонымен қатар облыс тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілгенін, халықтың 80 пайызы газбен қамтылғанын, жол-көлік, әуе және теміржол инфрақұрылымының жаңғыртылып жатқанын айтты. Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы ашылып, Қызылордадағы теміржол вокзалы жөндеуден өткен.

Президент әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар екенін атап өтті. Соңғы үш жылда облыста ондаған білім беру, мәдениет, спорт және медицина нысандары салынған. Қазіргі таңда Қызылордада 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр, алдағы уақытта жаңа емхана мен перзентхана бой көтермек.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Арал теңізі мәселесіне арнайы тоқталып, Солтүстік Аралды сақтау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесін атап өтті. Көкарал бөгетін биіктету жобасы іске асырылатынын айтып, су ресурстарын тиімді пайдалану үшін көрші елдермен келісімдер маңызды екенін жеткізді. Президент Аралмен қатар Каспий, Балқаш және Ертіс тағдыры да аймақаралық келісімдерге байланысты екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын айтып, өңірдегі оң өзгерістерді облыс басшылығының жүйелі жұмысының нәтижесі ретінде бағалады.

Previous Post

Шымкент гарнизонында әскери қызметшілер арасында жол қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізілді

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі