13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент гарнизонында әскери қызметшілер арасында жол қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізілді

20 января, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкент гарнизонында әскери қызметшілер арасында жол қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізілді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әскери қызметшілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру және әскери көлік құралдарын апатсыз пайдалану мақсатында Шымкент гарнизонында профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери техника жүргізушілеріне өткен жылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасы ұсынылып, әскери көліктерді пайдалану кезіндегі негізгі тәуекелдер мен жиі кездесетін бұзушылықтар жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар әскери автомобильдерге маусымдық техникалық қызмет көрсету тәртібі, әртүрлі жол төсемелерінде көлік жүргізудің ерекшеліктері және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен қамтылды.
– Жоғарғы басшылықтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 35748 әскери бөлімінің жүргізушілерімен техникалық қызмет көрсету кезінде дене жарақаты мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл профилактикалық сабақтар алдағы уақытта қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына оң ықпал етеді деп сенемін, – деді әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің офицері, лейтенант Берікқали Қожайбаев.
Алдын алу шаралары аясында автокөліктердің техникалық жағдайы, жарық беру құралдарының, әйнек сүрткіштердің жұмыс істеуі, жазғы дөңгелектердің талапқа сәйкестігі, өрт сөндіргіштер мен медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы, сондай-ақ көлік құжаттарының толықтығы бойынша да түсіндірме жүргізілді.
Аталған сабақтар әскери техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент: Құқық қорғау кеңесінде сыртқы жарнама төлемін есептеу мәселесі қаралды

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі