Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері) экстерриториалдық қағидаты бойынша көрсетеді.
Өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы қабылданады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі, мемлекеттік баж 0,5 АЕК мөлшерінде алынады.
Қабылдау портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостиль қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының анкеталық жеке деректері өзгерген кезде қосымша растайтын құжаттар қоса беріледі, сондай-ак мұрагерлер жүгінген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар ұсынылады.
Порталда электрондық өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде табысталады.
Электрондық апостиль қоюдың оң жақтары:
– азаматтардың ХҚКО-на жүгінулері мен қағаз құжат айналымының қысқаруы;
– азаматтардың бұл қызмет түрін алуға əлемнің кез-келген жерінен жүгіну мүмкіндігі;
– алаяқтықтан жоғары сақтануы (сақтанудың 2 дəрежесі қарастырылған – QR код жəне қауіпсіздік коды);
– құжаттарды жоғалудан барынша сақтап қалу.
КАМШАТ МЕДЕНОВА
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы
бақылау бөлімінің бас маманы




