«Top Generation School» директоры әрі ментор Шерім Айгерім Асқарбекқызының қолдауымен белсенді жастарға арналған тегін «English for Everyone» ағылшын тілі курсы өз жұмысын бастады.
Ашылу шарасына «Жастар Рухы» Жастар қанатының Төрағасы Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы және ұйымның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Төлебай Бекзат Октябрьұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, қолдау көрсетті.
Алғашқы сабаққа 20-ға жуық белсенді жас қатысып, оқу барысында мотивация, жаңа мүмкіндіктерге деген ұмтылыс және білімге деген қызығушылық айқын байқалды.
Курс әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп, жастардың ағылшын тілін жүйелі меңгеруіне мүмкіндік береді.
Бұл курс – жастардың тіл үйреніп, өз әлеуетін арттыруына және жаңа деңгейге қадам басуына жасалған үлкен мүмкіндік.
Шымкенттегі жас буын үшін «English for Everyone» бағдарламасы – дамуға жол ашатын ерекше жоба.




