13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ КОДЫ МЕН ӨНЕРІНЕ АРНАЛҒАН «MIRAS» ФОРУМЫ АШЫЛДЫ

24 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ КОДЫ МЕН ӨНЕРІНЕ АРНАЛҒАН «MIRAS» ФОРУМЫ АШЫЛДЫ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылғы 21 қарашада Шымкент қаласында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркі этнодизайнерлерінің халықаралық «MIRAS» форумы салтанатты түрде ашылды.

Форум аясында «Түркі костюмтануы және ою-өрнек семиотикасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Форумның мақсаты — түркі әлемінің сәндік-қолданбалы өнеріндегі жаңа идеялар мен шығармашылық бастамаларды қолдауға арналған заманауи алаң қалыптастыру, оның бай мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және жастардың түркі мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.

Халықаралық форумның ашылуында сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова дәстүрлі түркі ою-өрнегінің тарихи жад пен рухани болмысты сақтайтын мәдени код ретіндегі терең символизміне тоқталды. Ол ою-өрнектің жай ғана әшекей емес, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын қасиетті семиотикалық жүйе екенін атап өтіп, осы мұраны сақтаудың және оны жас буынға жеткізудің маңызын ерекше атап көрсетті.

Қор президенті Ақтоты Райымқұлова «MIRAS» форумын идеялар мен таланттарды тоғыстыратын, ұлттық өнерге жаңа серпін беретін қуатты платформа деп бағалап, Шымкент қаласы әкімдігіне қолдауы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол барлық қатысушыларға шабыт, шығармашылық табыс және ата-бабадан қалған баға жетпес мұраны сақтау мен дәріптеу жолындағы жемісті жұмыс тіледі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары  Сәрсен Құранбектің форумға қатысуы іс-шараның маңыздылығын айқындап, түркі әлемінің мәдени және шығармашылық мұрасын дамытуға бағытталған бастамаларға көрсетілген жоғары қолдауды білдірді.

Форумға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның жетекші халықаралық ғылыми институттары мен тарихи-мәдени орталықтарынан келген ғалымдар, фольклоршылар, өнертанушылар, этнографтар және белгілі этнодизайнерлер қатысты. Сондай-ақ шараға магистранттар, докторанттар, танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері де атсалысты.

Previous Post

Шымкентте «English for Everyone» тегін ағылшын тілі курсы ресми түрде басталды

Next Post

Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі