13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«TALQYLAU» АЛАҢЫНДА ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ТАЛҚЫЛАНДЫ

6 ноября, 2025
in Uncategorized
0
«TALQYLAU» АЛАҢЫНДА ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ТАЛҚЫЛАНДЫ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында «TALQYLAU» диалогтік алаңшасы аясында «Гендерлік теңдік – қоғам дамуының негізі» тақырыбында отырыс өтті.

Іс-шараға филиалдың атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов төрағалық етті. Жиынға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Сәуле Рысбаева, қалалық мәслихат депутаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласындағы филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Дария Қожамжарова, Ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Ардақ Монтаев, сондай-ақ ішкі саясат, полиция және этносаралық қатынастар саласының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Ербол Байқонысов гендерлік саясаттың қоғамдағы маңызына тоқталды.
«Гендерлік саясат – ерлер мен әйелдердің барлық салада тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әрі қоғамдық бастама. Осы мақсатта партия жанынан құрылған Әйелдер қанаты түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдерді біріктіріп, олардың ел дамуына қосқан үлесін арттыруға ықпал етіп келеді», – деді ол.

Кездесу барысында Баян Жандосова «Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздік құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, оларды қорғауға және қолдауға ерекше көңіл бөледі. Біз де партия тарапынан бұл бағытта нақты қадамдар жасап, белсенді әйелдермен бірлесе кешенді жұмыстарды жалғастырып келеміз», – деді ол.

Ал мәслихат депутаты Дария Қожамжарова «Гендерлік саясат – ғылымдағы әйелдердің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, әйелдер тек отбасында емес, ел басқару мен ғылымда да маңызды орын алғанын жеткізді.
«Ғылым мен инновация саласында әйелдердің үлесі әлі де төмен. Мәселен, әлемде 33%, Қазақстанда – 52%, сондықтан халықаралық ұйымдар, әсіресе UNESCO, әйелдердің ғылымдағы орнын арттыруға бағытталған бағдарламаларды іске асырып келеді. Тарихи тұрғыдан, әлемдік деңгейде Мария Кюри, Розалинд Франклин, Гертруда Кори сияқты әйгілі әйел ғалымдардың жаңалықтары ғылымның дамуына зор ықпал еткен. Қазақ қоғамында да әйелдер билік пен шешендік өнерде, ел басқаруда белсенді болған: Домалақ ана, Қарашаш ана, Айман датқа, Ұлбике ақын, Күнайым датқа сияқты тұлғалар әйелдің даналығы мен көшбасшылық қабілетін дәлелдеген. Біз де осы сияқты әйелдердің мүкіндіктерін ел дамуына барынша қолдануды қолға алуымыз керек деген ойдамын», — деді Дария Қожамжарова.

Жиын барысында қатысушылар гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің қоғамдық және саяси белсенділігін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінде «AMANAT» партиясы мүшелерінің 65 пайыздан астамы – әйелдер. Ал бастауыш партия ұйымдарының 52 пайызын нәзік жандылар басқарады. Бұл көрсеткіш әйелдердің қоғамдағы белсенділігінің жоғары екенін және партия қызметінде маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.

#AMANAT

Previous Post

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

Next Post

Қазақстанда сот орындаушыларға мобильді қосымша арқылы шағымдануға болады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі