13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік фестиваль өтті

9 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік фестиваль өтті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль өтті. Іс-шараны қалалық Армян және Славян этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды.

Бұл мәдени шараның мақсаты – елімізде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениеті мен өнерін дәріптеу, олардың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы толеранттылық пен өзара сыйластықты арттыру болды.

Фестивальге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, шығармашылық ұжымдар мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, көрермендерге көтеріңкі рух пен бірлік сезімін сыйлады. Бағдарлама барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қаракөз» би ансамблі, музыкалық колледждің студенттік хоры, сондай-ақ «Светоч», «Ардагер» хор ұжымдары, «Южный город» тобы және «Еркетай» балалар би ансамблі өнер көрсетті. Көрермендер қазақ, славян, армян, белорус және украин халықтарының ұлттық музыкасы мен биін тамашалап, түрлі мәдениеттердің үйлесімін сезінді.

Армян халқының ұлттық аспабы — дудуктың сырлы үні көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды. Ал славян халықтарының «Раздолье» тобының халық әндер попурриі залды әсем ырғаққа бөледі. Армяндық «Кочари» биі мен ұлттық нақыштағы көріністер көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды. Іс-шара қорытындысында этномәдени бірлестік өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен бұған дейін де қаладағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Бұл мәдени жобалар қаламыздағы этностар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Previous Post

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі