13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

7 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Кеңес төрағасы Қайрат Акенов, Палата қызметкерлері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Жиында «Шымкент қаласы әкімдігінің «Ақылы көлік тұрақтарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы, сонымен қатар, Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Хартиясы туралы талқыланды. Қаулы жобасы бойынша Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әзілхан Жаримбаев баяндама жасады.

«Кәсіпкерлер палатасына қарауға «Ақылы көлік тұрақтарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімі қаулысының жобасы келіп түсті. Тәртіпке сәйкес жобаны кәсіпкерлерге таратып, таныстырдық. Бизнес-қоғамдастықтан көптеген сұрақ түсіп жатыр. Сол сұрақтарды талқылау үшін жиналып отырмыз. Бұған дейін бізде мұндай ақылы көлік тұрағының жобасы болмаған», – деді Әзілхан Жаримбетов.

Жиын барысында қаулы жобасын әзірлеушілер құжат туралы түсіндіріп өтті.

«Бұған дейін Шымкентте мұндай жобаның жүзеге асырылуына заңнамалық негіз болмаған. Ал биылғы 17 шілдеде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Осы заңды орындау үшін 13 тамызда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 17 шілдедегі ҚР Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Премьер-Министрдің Өкімі шықты. Осы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына ақылы тұрақтарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту құзыреттілігі берілген. Бұл жөнінде ҚР Үкімет басшысының өкімі де бар. Сол өкімге сәйкес барлық құзыретті органдар мерзімінде қабылдауы қажет. Осы негіздерге сүйене отырып біздің басқарма осындай қаулы жобасын әзірледік. Жобаны қарастыру барысында Астана, Алматы қалаларындағы жұмыс істеп тұрған жобаларын қарастырдық. Мұндағы басты мақсат – жалпы көлік тұрақтары жобасының құқықтық негізін қалыптастыру», – деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Отырыстың соңында Кеңестің резолюциясы қабылданды:
Кәсіпкерлер палатасына күн тәртібіндегі қаулы жобасына қатысты кәсіпкерлердің талап-тілектерін, ұсыныстарын назарға алу;
Қаулы жобасына талдау жасалып, ескертулерімен сараптамалық қорытынды беру;
Келіп түскен мәселелерді, ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, қаулы жобасына сараптамалық қорытынды беруді негізді ескертулермен қарастыру;
Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хартиясын назарға алу ұсынылды.

Previous Post

Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Next Post

Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік фестиваль өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі