13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: аппараттық мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер қаралды  

6 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: аппараттық мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер қаралды  
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бағдарлама 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында басталады, онда еліміздің басты мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты ресми іс-шара өтеді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібінде — күзгі су тасқынына дайындық, Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау шаралары. Басқарма басшылары әр бағыт бойынша жоспарлардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қала әкімі жауын-шашын кезеңіне инженерлік желілер мен нөсер жүйелерін дайындауды уақтылы аяқтау, сондай-ақ су бұру арналары мен дренаждық құрылыстардың жай-күйін тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Республика күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде абаттандыру және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Шымкентте мерекеге орай 25 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Бағдарлама 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында басталады, онда еліміздің басты мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты ресми іс-шара өтеді. Келесі күні-25 қазанда қала тұрғындары мен қонақтарына «Астана алаңында гала-концерт ұсынылады. Сондай-ақ, әр ауданда атаулы күнге орайластырылған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала әкімі жауапты тұлғаларға мерекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыруды, қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру барысы және шағын индустриялық аймақтар құрылысы талқыланды. Мегаполис басшысы жауапты басқармаларға инвестициялар тарту, жаңа өндірістік алаңдар құру және барлық жоспарланған жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі