13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты

13 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

35748 әскери бөлімінде мерзімді қызметін аяқтаған сарбаздарды салтанатты запасқа шығарып салу рәсімі өтті. Бұл шара – ел қорғаны болған жауынгерлердің еңбегі мен табандылығына құрмет көрсету сәті болды, себебі 1 жылда 30 сарбаз спорттық дәрежелерге қол жеткізді.

Бір жылдық қызмет барысында сарбаздар жауынгерлік, мемлекеттік-құқықтық және оқу-жаттығу дайындықтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, бөлімнің абыройын асқақтатты. Әскери тәртіп пен техниканы меңгеруде үлгі көрсетіп, өз міндеттерін мінсіз орындады.
Әскери рәсімдер мен дәстүрлерді сақтай отырып, іс-шара саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын енгізуден басталды. Әскери бөлім командирі міндетін уақытша атқарушы, подполковник Айдос Исаев салтанатты шараны ашып, сарбаздарға алғыс білдірді. Ол әскери қызметтің ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті және сарбаздардың ата-аналарына да ризашылығын жеткізді.
— Құрметті сарбаздар! Әскери қызмет кезінде танытқан ерік-жігер мен табандылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Алдағы азаматтық өмірде де сәттілік пен биік жетістіктер серік болсын. Сіздердің есімдеріңіз әскери бөлім тарихында мақтанышпен аталады, — деп толықтырды подполковник Айдос Исаев.
Ерекше атап өтерлік жайт – 12 ай қызмет уақытында запасқа шығарылған 140 сарбаздың арасынан 5 спорт шебері, 10 бірінші дәрежелі және 15 екінші дәрежелі спорт шебері дәрежесіне қол жеткізіпті. Бұл – әскер қатарына келген жастардың тек әскери ғана емес, спорттық дайындық деңгейінің де жоғары екенін айғақтайды. Спорттағы бұл жетістіктер – тәртіптің, шыдамдылықтың және рухтың бірлігін көрсететін маңызды нәтиже.
Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының кезектен тыс тексеруі кезінде де сарбаздар жауынгерлік дайындықтан жоғары баға алды. Атап айтқанда, көздеуіш оператор қатардағы Асылмұрат, оқшашар қатардағы Уринбеков, ефрейтор Қайратұлы және ефрейтор Ахметжан үздік көрсеткіштерімен танылды.
Сонымен қатар 2 шабуылдаушы ротасының 2 взводы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тексеруінде «өте жақсы» деген баға алып, тактикалық оқу-жаттығуларда үздік деп танылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабының 1-тармағында айтылғандай, елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Осы қағиданы берік ұстанған сарбаздар өз міндетін лайықты орындап, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттен кезекті сарбаздар легі әскерге аттанды

Next Post

Осенний призыв в Шымкенте: состоялась торжественная церемония отправки новобранцев в ряды Вооружённых Сил Республики Казахстан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі