13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттен кезекті сарбаздар легі әскерге аттанды

13 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкенттен кезекті сарбаздар легі әскерге аттанды
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны қарқынды түрде жалғасып жатыр. Бүгін қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жинақтау бекетінде жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл – жас буын үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін тарихи сәт қана емес, ел Тәуелсіздігін қорғауға бағытталған азаматтық борыштың бастамасы.

Биылғы күзгі шақыру маусымы басталғалы бері қала бойынша 240 жас азамат әскер қатарына алынса, бүгін олардың қатарына тағы 56 сарбаз қосылды. Шақырылған жастардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауыл ротасы құрамында, ал қалғандары Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет ететін болады.

Салтанатты рәсім – рухты оятқан сәт
Шараға Шымкент қаласы әкімдігінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, әскерге шақырылушылардың ата-аналары және қоғам белсенділері қатысты. Жиын барысында сөз сөйлегендер жастарға адал қызмет пен табандылық тілеп, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруға шақырды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі, капитан Көпбай Темірбеков өзінің құттықтау сөзінде:

— Мемлекетіміздің қауіпсіздігі – ең алдымен, сапалы дайындықтан өткен, тәртіпті және елжанды жауынгерлерге байланысты. Сіздерге артылған сенім – жоғары. Ендігі міндет – осы сенімді ақтап, ел намысын лайықты қорғау, – деп атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында:

«Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің» төрағасы Рыспеков Серғали Епишманұлы;

ҚР Қарулы Күштерінің 18404 әскери бөлімінің өкілі, майор Нұрлан Толдыбаев;

Жас сарбаздардың ата-аналары сөз сөйлеп, ақжолтай тілектерін білдірді.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын саптан шығару және салтанатты түрде тапсыру рәсімімен жалғасты. Бұл — жас сарбаздардың бойындағы патриоттық рухты арттырып, болашақта елге қызмет етудің маңызын ұғындыруға бағытталған символикалық қадам.
Іс-шара соңында әскер қатарына алынғандарға арналып шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әскери-патриоттық әндер мен күмбірлеген күйлер жас сарбаздарға ерекше рух сыйлады.

1500-ге жуық сарбаз аттанады
Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында қала бойынша жалпы 1500-ге жуық жас мерзімді әскери қызметке шақырылмақ. Бұл – ел қорғанына айналуға дайын тұрған саналы, патриот жастардың қатарының артып келе жатқанын білдіреді.

Жастардың әскерге деген ынтасы жоғары. Соңғы жылдары Отан алдындағы борышты өтеуге ерікті түрде барушылардың саны артып келеді, бұл өз кезегінде әскери борыштың беделі мен мәртебесінің өскенін көрсетеді.

Қазақ халқы ежелден «Ер елінің қорғаны» деп білген. Бүгінгі күнде сол қағиданы берік ұстанған жас сарбаздар болашақтың мызғымас тірегі болмақ. Олардың бойындағы патриотизм, тәртіп пен рух — Қазақстанның қауіпсіз болашағына жасалған сенімді қадам.

Шымкент қаласынан әскерге аттанған әрбір сарбазға – ел алдындағы адал қызмет, ата-ананың үмітін ақтау және әскери міндетті абыроймен орындау тілейміз.

Previous Post

ПРАВОВАЯ ГРАМОТНОСТЬ МОЛОДЁЖИ — ЗАЛОГ БЕЗОПАСНОСТИ ОБЩЕСТВА

Next Post

Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі