13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов баспана мәселесін қалай шешуге болатынын айтты

Шымкент қаласының әкімі қолжетімді баспана мәселесін шешу жайын айтты

24 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов баспана мәселесін қалай шешуге болатынын айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент тарихында алғаш рет 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қазіргі таңда қалада 40 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Шаһар басшысының айтуынша, былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 262 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

– Оның ішінде 649,1 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталып, 5 787 отбасы баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды. Өткен жылы салынған үйлер бойынша қала тарихында рекордты көрсеткішке қол жеткіздік. 2019 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артқан, — деді қала әкімі.

Әкімнің мәлімдеуінше, бүгінде қаладағы салынып жатқан үйлердің 85 пайызы — мемлекеттік үйлер.

— Мемлекеттік үйлер бюджеттің мүмкіндігіне тәуелді. Коммерциялық үйлер салатын компанияларды қолдамасақ, Шымкентте баспана мәселесін ешқашан шеше алмаймыз, — деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, биыл 661 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 5 754 пәтер халықтың игілігіне беріледі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентті қауіпсіз қала етудің кешенді жоспары іске асырылуда

Next Post

Түркістанда «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі