Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
— Ең алдымен Шымкент қауіпсіз қала болуға тиіс. Сол себепті де қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, былтыр Шымкентте 9 723 қылмыстық іс тіркеліп, 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш және 1802 компьютерлік техника алынды. Кешенді іс-шаралардың арқасында қылмыс былтыр 21 пайызға төмендеді. Бұл жұмыс биыл да қарқынды жалғасуда. Қалада қазір 2479 камера жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге биыл «Сергек» жүйесін енгізіліп, қосымша 3 740 камера қойылады. Оның 2240-ы көшелерге, бір жарым мыңы аулалар мен қоғамдық орындарға орнатылады, — деді қала әкімі.
Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. Шымкенттегі орталық 747 көшенің 220 көшесі немесе 30 пайызында жарық бар. 2021-2023 жылдары 70 пайыз көшені энергия үнемдейтін ЛЭД-шамдармен жарық жүргізіледі.
Қаланың қауіпсіз бола түсу үшін тілсіз жаудан сақтану үшін де қалада 9 депоға қосымша 3 депо салынбақ. Былтыр 31 техника алынып, жабдықтау бойынша Шымкент Қазақстанда алғашқы орынға шықты.
— Шымкент өмір сүруге ең қолайлы қала болуға тиіс. Өйткені, қаланың табиғаты жайлы, қысы жұмсақ, су көздері мол. Сондықтан тарихқа дейінгі замандарда да бұл маңда қалың халық тұрған. Оны археологтар дәлелдеп отыр. Ендігі жерде қала тұрғындарын қаламызды қолайлы қала ету үшін күш біріктіруге шақырамын, — деді қала әкімі.