Қазіргі Қазақстанның басты мақсаттарының бірі – құқықтық мемлекет қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда жергілікті деңгейде құқықтық саясатты тиімді жүргізу, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру сынды міндеттер шешуші рөл атқарады. Осы бағытта Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайту үшін құқықтық саясаттың мәні зор. Шымкентте бұл бағытта:
Заңнамаларды тиімді түсіндіру;
Халықпен кері байланыс орнату;
Мемлекеттік шешімдер мен заң жобаларының ашықтығын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік аппараттағы бюрократиялық кедергілерді жою сынды маңызды қадамдар жасалып жатыр.
Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсетудегі цифрландыру мен «Ашық әкімдік» алаңдары арқылы азаматтар мен жергілікті билік арасындағы алшақтық азайып келеді. Шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы – халықтың сенімін арттыратын басты факторлардың бірі.
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сана: қоғам іргетасы
Шымкентте құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында көптеген ақпараттық-насихаттық және білім беру шаралары жүзеге асуда. Атап айтқанда:
Оқу орындарында құқықтық сауаттылық сабақтары өткізіледі;
Оқушылар мен студенттерге арналған «Заң мен тәртіп», «Жас заңгер», «Құқық әлемі» секілді жобалар жұмыс істейді;
Азаматтық қоғаммен бірлескен дискуссиялық клубтар, дөңгелек үстелдер, форумдар арқылы құқықтық білім кеңінен насихатталуда.
Бұл бастамалар халықтың құқықты білу ғана емес, оны құрметтеу және қорғауға ұмтылу мәдениетін қалыптастырады.
Бюрократияны қысқарту және шешімдердің тиімділігі
Бұл сараптамалық мақалада қаланың құқықтық жүйесіндегі өзекті мәселелер, статистика және оларды шешудің ұсыныстары жан-жақты сараланады.
1. Қаланың құқықтық жағдайы: сандар сөйлейді
Шымкент тұрғындарының саны – 1,28 миллионнан асады (2025 жылғы тамыз айының есебі).
Қалада 2025 жылдың алғашқы 8 айында 15,8% экономикалық өсім тіркелген.
Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада 286 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған.
Сот процестерінің ашықтығы артқанымен, өңірлік деңгейде статистикалық және талдамалық мәліметтердің жетіспеушілігі байқалады.
Қалалық соттардың ресми сайттарында әкімшілік істердің бір бөлігі ғана жария етіледі.
Бұл деректер Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық саласының өсу үстінде екенін, алайда ашықтық пен тиімділікке қатысты әлі де жұмыстар атқару қажет екенін көрсетеді.
2. Негізгі проблемалар
2.1 Құқықтық сауаттың төмендігі
Азаматтар заң жобаларына пікір білдіруге сирек қатысады.
Мемлекеттік шешімдерді түсіндіру мен құқықтық ақпаратқа қолжетімділік – шектеулі.
Әсіресе жастар мен ауылдық аймақ тұрғындары арасында құқықтық білім төмен.
2.2 Бюрократия және тиімсіз тетіктер
Көптеген мемлекеттік қызмет түрлері әлі де қағазбастылықтан арыла алмай келеді.
Автоматтандыру мен цифрлық шешімдер баяу енгізілуде.
Мемлекеттік органдардың ашық есеп беру мәдениеті толық қалыптаспаған.
Сот жүйесінің жүктемесі мен баяу жұмыс істеуі
Азаматтық және әкімшілік істерді қарау мерзімдері ұзаққа созылады. Дауларды бейбіт жолмен шешу (медиация) аз қолданылады. Судьяларға жүктеме жоғары. Тегін заң көмегі көбіне әлеуметтік осал топтарға жете бермейді. Қаланың шеткері аймақтарында заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік шектеулі.
Шымкент қаласында құқықтық жүйені жетілдіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. «Құқықтық саясат тұжырымдамасы – 2030» аясында арнайы Жол картасы жасақталып, жергілікті деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Сот процестерінде видеоконференция, электронды құжат қабылдау жүйелері енгізілуде. Қалалық прокуратура мен полиция қоғамдық қабылдаулар өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп келеді. Сот сараптамасы институтының филиалы өңірде қызмет көрсетіп отыр.
Шаөарда азаматтардың құқықтық сауатын арттыру қажет. АЛ мектептер мен колледждерде құқық негіздері пәнін тәжірибелік форматта енгізу керек.
Сотқа дейінгі медиация және татуластыру орталықтарының санын арттыру.
Электронды сотқа жүгіну қызметтерін жетілдіру.
Судьялардың жүктемесін азайту үшін кадрлық резерв қалыптастыру.
Шымкент қаласында құқықтық саясаттың іске асырылу бағыты дұрыс. Дегенмен бұл салада жүйелі және батыл реформалар қажет.
Заң – тек норма емес, ол азаматтардың сенімі мен қорғаны болуы тиіс. Сондықтан құқықтық мемлекетке қарай нақты әрі айқын қадам жасау үшін ашықтық, қолжетімділік, әділдік пен жауапкершілік қағидаттары өңірлік деңгейде басшылыққа алынуы тиіс.




