13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ТҮСІНДІРІЛДІ

15 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ТҮСІНДІРІЛДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікке ықпал ететін басты факторлардың бірі – жастардың дұрыс дүниетанымы мен діни сауаттылығы. Осы орайда Шымкент қаласында жастарға арналған маңызды кездесу өтті. «Ғаламтор – діни ұстаз емес» тақырыбындағы жиын Шымкент медициналық колледжінің студенттерін қамтыды. Шара барысында мамандар жастармен еркін пікір алмасып, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуге теолог маман Сейітхан Сымбат Ержанқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Байғұтов Нышан Тасболатұлы, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Абдукаримов Нұржан қатысты. Әрқайсысы өз саласы бойынша жастарға пайдалы ақпарат ұсынып, кереғар ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Теолог маман Сейітхан Сымбат Ержанқызы жастарға дінді үйренуде сенімді ақпарат көздерінің маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі сайттар арқылы жалған уағызшылардың ықпалына түсу қаупі жоғары. Сондықтан студенттерге діни білімді тек ресми мекемелер мен танылған мамандардан алу қажеттігі ескертілді.

Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Байғұтов Нышан Тасболатұлы сөзінде жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын жеткізді. Ол ата-баба дәстүрінің тәрбиелік мәніне тоқталып, «қазақ халқының өмір салты мен рухани негіздері әрқашан ізгілікке, бейбітшілікке бағытталған» екенін ерекше атап өтті. Жастарға аманат ретінде ел бірлігін сақтау, қоғамдағы татулықты қадірлеу туралы кеңес берді.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің маманы Абдукаримов Нұржан болса, Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, елімізде түрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүріп, бір-біріне құрметпен қарайды. Мұндай келісімді сақтау – болашақ ұрпақтың міндеті. Жастардың бойында төзімділік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыру үшін осындай кездесулердің маңызы зор екенін жеткізді.

Жиын барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауап алды. Көптеген сұрақтар ғаламтордағы күмәнді ақпараттарға, жалған діни уағызшыларды қалай ажыратуға болатынына және дәстүрлі ислам құндылықтарының ерекшеліктеріне қатысты болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ақпараттық кездесулер жастардың діни сауаттылығын арттыруға ғана емес, олардың сыни ойлау қабілетін жетілдіруге де септігін тигізеді. Әлеуметтік желілерде таралатын әртүрлі ақпаратты сүзгіден өткізіп қабылдау, кез келген діни пікірді саралай білу – әрбір жас үшін маңызды қасиет.

Шара соңында мамандар жастарды тек дұрыс бағыттағы діни білімге ұмтылуға, бейбітшілік пен бірлікті бағалауға шақырды. Осындай түсіндіру жұмыстарының жалғасы қаладағы басқа да оқу орындарында өткізілмек.

 

 

Previous Post

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Молодёжи разъяснили религиозную грамотность

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі