13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

15 сентября, 2025
in Uncategorized
0
ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарға жұмыс» жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Іс-шараға бастауыш партия ұйымының төрайымы А.Бимырзаева қатысып, жоғарғы курс студенттеріне мамандығы бойынша қызметке орналасу мүмкіндіктері мен кәсіп бастағысы келетін жастарға арналған жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы кеңінен ақпарат берді.

А.Бимырзаеваның айтуынша, мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан бағдарлама 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге арналған және жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі.

«Қазіргі таңда жастарды қолдауға бағытталған тиімді бағдарламалар іске асырылып жатыр. Соның ішінде кәсіп бастайтындарға арналған жеңілдетілген несиелеу шарттарын атап өткім келеді. Мәселен, несие сомасы – 5 млн теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыз. Мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін, бизнестің өзге бағыттары үшін – 5 жылға дейін беріледі. Сонымен қатар, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған», – деді ол.

Кездесу барысында студенттер бағдарламаға ерекше қызығушылық танытып, кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Айта кетейік, «Жастарға жұмыс» жобасы аясында мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, жас буынның кәсіби жолын таңдауға, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетілуде.

#AMANAT

Previous Post

ВШЫМКЕНТЕ ОБНАРУЖЕНЫ ГРАЖДАНЕ, ХРАНИВШИЕ ОРУЖИЕ БЕЗ РАЗРЕШЕНИЯ

Next Post

ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ТҮСІНДІРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі