13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкенттік ғалымдар антисептикалық спрей шығарды

24 апреля, 2020
in Денсаулық, Қоғам
0
Шымкенттік ғалымдар антисептикалық спрей шығарды
Share on FacebookShare on Twitter

​Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары оқу орны жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасындағы ғалымдардың​ айтуынша хош иісті антисептик бактериялар мен микробтарға және вирустарға қарсы жақсы әсер етеді.

– Бұл мемлекеттік стандартқа сай жасалынған. Бірақ біздің оқу орны ғалымдарының ізденістерімен қосымша қоспалар қосу арқылы оның құрамы кішкене өзгерді. Қазір екі түрде шығарылуда. Біріншісі, жеке пайдалануға арналған антисептиктер. Екіншісі, 5 литрлік ыдыстарға яғни, санитайзерлерге құйылатын сұйықтықтар, дейді ОҚМУ-дың ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Ұлан Сүлейменов.

Шымкентте шығарылған антисептик теріні​ тітіркендірмейді. Қайта терідегі жарақаттың жазылуына әсер етеді. 50 мл. шағын құтыларға құйылған антисептик азаматтардың өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы.

Бүгінде жергілікті зертханада дайындалған антисептиктер жатақханаларда тұратын студенттер мен университет қызметін қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге таратылып берілген. ​

Айта кетейік, ОҚМУ ғалымдары әзірлеген антисептикалық спрейдің құрамы Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелерге сай дайындалған.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Previous Post

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Next Post

Түркістан: Балық аулаған браконьерлер ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі