13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

24 апреля, 2020
in Cаясат, Билік
0
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Марат Пашимов тағайындалды.

Бұған дейін, яғни 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келген Марат Пашимов еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған. Медицина ғылымдарының кандидаты.2005 – 2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сондай-ақ 2015 — 2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен 39 жастағы білікті маман соңғы жылдары клиникалық аурухана жұмысын жақсы жолға қойып, ізденімпаздығымен және жаңашылдығымен танылған болатын. Беделді басшы, білікті дәрігер, бүгінгідей жауапты сәтте өңірдің денсаулық саласын басқару мүмкіндігіне ие болған Марат Пашимовқа өңір халқы үлкен сенім артып отыр.

Ал Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасын осы күнге дейін басқарып келген Мұқан Егізбаев, жеке себептерге байланысты, өз еркімен қызметінен кетті.

Previous Post

Түркістандық әскери еріктілер оқыс оқиғаның алдын алды

Next Post

Шымкенттік ғалымдар антисептикалық спрей шығарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі