13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті

19 сентября, 2025
in Uncategorized
0
Шымкент қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиында жастар саясаты мен қоғам үшін өзекті бес мәселе талқыланды. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауында көтерілген бастамаларды насихаттау жайы сөз болды. Сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздық пен оларды жұмыспен қамту, сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқыту, орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, есірткіге қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар жан-жақты қарастырылды.

Кеңеске Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі орталығы директорының орынбасары Бекзат Толыбаев, қалалық білім басқармасының бас маманы Жасұлан Есенкелді және Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков баяндама жасады. Кеңес жұмысын қалалық мәслихат депутаты, Кеңес төрағасы Нұрсұлтан Балабиев жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.

Отырыс барысында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған студенттік ұйымдар мен волонтерлік қозғалыстардың жұмысы ерекше атап өтілді. Қазіргі таңда қала колледждерінде 900-ге жуық белсенді студент, 22 волонтерлік ұйым мен 19 пікірсайыс клубы жұмыс істеп келеді. Биылдың өзінде студенттердің бастамасымен 455 іс-шара өткізілген.

Сонымен қатар, еңбек нарығында жастарды қолдау мақсатында жыл басынан бері 7 792 жасқа түрлі қолдау көрсетіліп, олардың 2 740-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ал есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында 8 айда 375 қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 168 келіден астам есірткі заты тәркіленгені хабарланды.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер бақылауда ұсталып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.

Previous Post

В Шымкенте полиция раскрыла крупную схему интернет-мошенничества

Next Post

АБАЙ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі