13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

12 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында қазіргі әлемдік геосаяси ахуалдың күрделілігін атап өтті. Алайда соған қарамастан, Президент еліміздің дамудан тоқтамауы керектігін, жаңғыру мен өсудің нақты жолдарын ұсынды.
Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда білім мен ғылымға салынатын инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді капитал. Бұл ретте Президент бастамасымен күні кеше ғана Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірімен жасалған халықаралық келісім – еліміздің білім беру саласында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру – арқылы біз отандық жоғары білімнің халықаралық беделін арттырып, жастарымыздың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақпыз.
Президенттің Жолдауында алдағы үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлы мемлекетке айналатыны атап көрсетілді. Бұл – заманауи технологияларды меңгеру мен инновацияларды енгізу арқылы еліміздің әлеуетін арттырудың нақты жоспары. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ осы мақсатты жүзеге асыруда жастарды цифрлық сауаттылыққа баулу, IT-білімді дамыту және ғылыми зерттеулерді қолдау бағытында жұмыс жасап жатыр. Біз білім мен технологияны біріктіре отырып, Қазақстанның цифрлық трансформациясына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Президент жыл сайынғы жолдауында Ғылым мен жоғары білім саласына айрықша басымдық береді. Биыл да Инновациялық саясатты министрлік құзырына беру, Дарынды зерттеушілерді қолдау, оларды елге қайтару, көші-қон саясатын, білікті мамандарды, оның ішінде техникалық мамандарға жағдай жасау туралы айтып келеді. Бүгінде бұл мақсатта іргелі істер жүзеге асып та келеді.

2025 жыл — Zhanibekov University тарихындағы ерекше жыл болмақ. Ұжымдық ізденіс, ғылыми жауапкершілік пен заманауи бағыттарға бет бұрған зерттеушілеріміздің табандылығының нәтижесінде университетіміз 13 ғылыми жобамен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарында жеңіске жетіп, жұмыс істеуде.

Жоба тақырыптары білім беру процесін цифрландырудан бастап, жасанды интеллект, ауыл мектептерін дамыту, оқушылардың эмоциялық жағдайын болжау, ұлттық құндылықтарды сіңіру және мұғалімдердің зерттеушілік құзыретін арттыру секілді салаларды қамтиды.

Бүгінде барлық жобалар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі — 1 000 000 000 астам теңгені құрап отыр.

Бұл сома — тек материалдық қолдау ғана емес, ғылымға деген сенім мен ел ертеңіне салынған инвестиция.

Zhanibekov University зерттеушілері ел мүддесіне қызмет ететін, шынайы ғылыми құндылығы бар жобаларды жүзеге асыруға кірісті.
Нұртаев Әлібек
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректор м.а.

Previous Post

В Шымкенте уничтожили плантацию наркотиков

Next Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: БОЛАШАҚҚА ЖАҢА ҚАДАММЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі