13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық өрендер әскерге аттанды

5 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістандық өрендер әскерге аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы облыстық жиын пунктінен күзгі әскерге шақыру науқаны аясында алғашқы 25 сарбаз Алматы облысындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне салтанатты түрде шығарып салды.

Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Зұлпыхар Жолдасов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, подполковник Талғат Турабай, ҚР ҚК ардагерлері кеңесінің Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасы Бабай Алдабергенов және әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары жас сарбаздарға ақ жол тілеп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен орындауға және туған өлкелерінің, ата-аналарының үмітін ақтап, қазақ жауынгерінің намысты болуы керектігін жеткізді.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, подполковник Талғат Сайлауұлы өз кезегінде, болашақ сарбаздарға ақ жол тіледі. Ол өз сөзінде әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Бұл толықтырулар 16 шілдеде күшіне енді. Олар есепке алу мен шақыру жүйесінде цифрлық әдістерді заң жүзінде бекітіп, жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Әскерге аттанар алдын болашақ сарбаздар қаладағы әскери бөлімге қонақ болып, басқа өңірлерде қызмет етіп жүрген сарбаздармен телефон арқылы байланысып, олардың әскердегі өмірі мен қызмет барысы туралы сұрақ-жауап алмасты. Бұл іс-шаралар әскерге шақырылған жастардың жауапкершілік сезімін арттырып, алдағы қызметке психологиялық тұрғыда дайындалуына мүмкіндік берді.
Жауапты өкілдердің мәлімдеуінше, биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 желтоқсаны аралығында шамамен 2500-ден астам жас Түркістан облысынан әскер қатарына шақырылады. 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады.
Шақыру науқанын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар шешімімен шақыру комиссиялары құрылып, оларға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары төрағалық етеді.
Айта кетсек, енді SMS-хабарламалар арқылы жеткізілген шақырулар ресми түрде заңды ескерту әдісі болып саналады. Сонымен бірге, шақыру туралы ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетке де орналастырылады. Сонымен бірге қағаз нұсқадағы шақыру да тұрақты тіркеудегі жеріне, уақытша тұру немесе жұмыс орнына жеткізіледі. Сондай-ақ шақыру қағазын азамат жергілікті әскери басқару органына келіп те ала алады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонында жауынгерлік дайындық пен қызмет жағдайларын тексерді

Next Post

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі