13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонында жауынгерлік дайындық пен қызмет жағдайларын тексерді

5 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонында жауынгерлік дайындық пен қызмет жағдайларын тексерді
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмыс сапары аясында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкенттегі бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелерді аралап, олардың қызметімен, инфрақұрылымымен және әскери қызметшілерге жасалған жағдайлармен танысты.
2 қыркүйекте елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталғаны белгілі. Осыған орай министр қалалық шақыру пунктіне барып, әскерге шақырылушыларға жасалған жағдайлар мен медициналық комиссиядан өту тәртібін зерделеді. Сондай-ақ, алғашқы шақырылушылармен және Қарулы күштердің ардагерлерімен сұхбаттасты. Қорғаныс ведомствосының басшысы Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің инфрақұрылымын және жауынгерлік дайындық деңгейін тексерді. Оқу-жаттығу кешенінде оған ғимаратты шабуылдау және қала жағдайында ұрыс қимылдарын жүргізу элементтері көрсетілді.
Қалалық аумақтық қорғаныс бригадасында министр резервтегі әскери қызметшілерді қайта даярлау іс-шараларының орындалуы жөнінде баяндаманы тыңдап, практикалық сабақтар өткізуге арналған инфрақұрылыммен, оның ішінде арнайы шабуылдау жолағымен танысты. Ол мұндай жаттығулардың жеке құрамның кәсіби дайындығын арттырып, күрделі жағдайларда үйлесімді әрі тиімді әрекет етуіне ықпал ететінін атап өтті.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің ең ірі құрамаларының бірі – механикаландырылған бригадада министр мерзімді әскери қызметшілерге жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға ерекше назар аударды. Сарбаздар жеке гигиеналық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Әр тумбочкада қажетті заттардың толық жиынтығы бар. Сонымен қатар, Дәурен Қосанов жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы оң тәжірибені атап өтті.
Бөлімде әр сарбазға арналған жеке медициналық карта жүргізіледі. Онда денсаулық жағдайы туралы барлық мәліметтер тіркеліп отырады. Бұл жүйе сарбаздардың қажеттіліктерін анықтап, оларды тиісті дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Министр төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларының маңыздылығын да атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды сапалы іріктеу, жеке құрамды оқыту және жауынгерлік дайындық әдістерін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР

Next Post

Түркістандық өрендер әскерге аттанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі