13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды біріктіретін басты күш

22 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды біріктіретін басты күш
Share on FacebookShare on Twitter

Елді ел ететін – бірлік, халықты ұйыстыратын – құндылық. Ұлттық дәстүр мен өнегені, елдік рух пен татулықты насихаттау – бүгінгі буынның да, ақсақалдар алқасының да басты міндеті.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы елдік мүдде мен ұлттық бірліктің маңызын айқындай түсті. Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиынды ашып, қатысушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.

Басқосуға қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, спорт федерацияларының мүшелері, БАҚ өкілдері және «Қоғамдық келісім» қызметкерлері қатысты. Жиында ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, этносаралық келісімді сақтау сынды өзекті мәселелер сөз болды.

Жиынға қатысқан білім саласының ардагері Нышан Байғұтов жас ұрпақты адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеудің жолдарын атап өтіп, мемлекетшіл, жауапкершілігі жоғары буын қалыптастыруда ақсақалдардың рөлін айрықша атады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов те жиыннан табылып, «Адал Азамат» жобасының мәніне тоқталып, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік кемелдікті арттырудың маңызын жеткізді.

Ақсақалдар назарынан ұлттық ойындарды жаңғырту мәселесі де тыс қалған жоқ. Қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті А.Толықбаев бұл ойынның жастардың зияткерлік дамуы мен шыдамдылығын арттырудағы орнын айта отырып, Ақсақалдар кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Отырыста қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұсынысымен Арипджан Халназаров кеңестің жаңа мүшесі ретінде қабылданып, бұл қадам көпэтносты қауымдастықтың бірлігін тағы бір дәлелдеді.

Жиын барысында еліміздің басты заңы – Конституцияның 30 жылдығы да кеңінен сөз болды. Ақсақалдар Ата заңымыздың тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет дамуы мен қоғам тұтастығын сақтаудағы рөлін ерекше бағалап, оны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова ақсақалдар қауымының ел дамуына қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалап, баршаға амандық пен жаңа бастамаларда табыс тіледі. Қатысушылар ел бірлігін нығайту, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру және ұлттық мұраларды жаңғырту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

 

Previous Post

Шымкентте заң саласының үздіктері марапатталды

Next Post

Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі