13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы

22 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы
Share on FacebookShare on Twitter

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы – адамзат өркениетін жаңа белеске көтеріп қана қоймай, қоғам өмірінің барлық саласына елеулі өзгерістер әкелді. Интернет пен жасанды интеллект мүмкіндіктері бизнесті оңтайландыруға, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және күнделікті өмірді жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда цифрлық кеңістіктің шексіз мүмкіндіктерімен қатар, оның көлеңкелі тұстары – кибершабуылдар, дербес деректердің ұрлануы, интернет-алаяқтық секілді қауіптер де күн тәртібінен түспей келеді.

Осы өзекті мәселені талқылауға арналған «Цифрлық қауіпсіздік және сауаттылық» атты форум Shymkent Hub орталығында өтті. Шараға IT саласының мамандары, стартап жобалар иелері, цифрландыруға қызығушылық танытқан жастар және сала сарапшылары қатысты.

Форум барысында сарапшылар киберқауіпсіздік мәселесіне жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет екенін атап өтті. Бүгінгі таңда интернет-алаяқтық – тек жеке азаматтардың емес, мемлекеттік құрылымдар мен ірі қаржы институттарының да бас ауруына айналған. Хакерлік шабуылдар жасанды интеллект көмегімен бұрынғыдан да күрделене түсіп, көп жағдайда автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады. Бұл шабуылдардың мақсаты – құнды ақпаратты ұрлау, жүйелерді бұғаттау немесе қаржы жымқыру.

Shymkent Hub-тың резиденті, IT сарапшысы Самал Райымжан қазіргі заман азаматтарының цифрлық сауаттылығы мен ақпараттық қауіпсіздікке бей-жай қарамауы тиіс екенін атап өтті:

«Қазір әрбір адам онлайн төлем жүйелерін пайдаланады, интернет-дүкендер арқылы сауда жасайды, мобильді қосымшаларда жеке мәліметтерін қалдырады. Кейбіреулер тіпті мемлекеттік немесе жеке құжаттарды жасанды интеллект платформаларына жүктеп, шешім іздеп жатады. Мұндай әрекеттер өте қауіпті. Құпия ақпараттың үшінші тұлғаларға өтіп кету қаупі жоғары. Сондықтан цифрлық қауіпсіздікке бей-жай қарауға болмайды – бұл тек ІТ мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі», – деді ол.

Форум қатысушылары цифрлық сауаттылықты арттыру – киберқауіпсіздікпен күрестегі ең тиімді құрал екенін атап өтті. Адамдар ақпараттық технологияларды қалай дұрыс пайдалану керектігін, қандай мәліметтерді қай ортада бөлісуге болмайтынын, күмәнді сілтемелерден қалай сақтану қажет екенін жақсы білуі тиіс. Сонымен қатар, көпфакторлы аутентификация, күрделі құпиясөздер жасау, деректерді шифрлау және үнемі жаңартылып отыратын антивирус бағдарламаларын қолдану – қауіпсіздіктің басты элементтері екені айтылды.

Жас мамандар мен сарапшылар қатысушыларға нақты мысалдар арқылы фишинг, әлеуметтік инженерия, бот-шабуылдар сияқты заманауи киберқауіп түрлерін көрсетті. Олар азаматтарды өз мәліметтеріне мұқият болуға және цифрлық ортада абай болуға шақырды.

Форум соңында спикерлер цифрлық қауіпсіздікке қатысты тұрақты білім беру, мектептер мен ЖОО-ларда ақпараттық сауаттылықты оқыту, сондай-ақ түрлі сала қызметкерлеріне арналған тренингтер ұйымдастыру қажеттігін алға тартты. Цифрлық трансформация үдерісімен бірге, қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру, қоғамды дер кезінде ақпараттандыру – мемлекет пен азаматтардың бірлескен міндеті.

Цифрлық кеңістікте қауіпсіз болу – жай ғана техникалық шара емес, бұл – ақпараттық мәдениет пен жауапкершіліктің көрсеткіші. Сондықтан әрбір азамат, әрбір мекеме өз деңгейінде деректерін қорғауға міндетті. Осындай форумдар – бұл бағытта жасалып жатқан маңызды әрі нақты қадамдардың бірі.

Previous Post

В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»

Next Post

Шымкентте заң саласының үздіктері марапатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі