13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Әрбір азамат ата заңның асқақ рухын сезінуі тиіс

8 августа, 2025
in Uncategorized
0
Әрбір азамат ата заңның асқақ рухын сезінуі тиіс
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осыдан 30 жыл бұрын тәуелсіз еліміздің тарихында үлкен тарихи оқиға орын алған еді. Яғни, 1995 жылы 30 тамызда Қазақстанда республикалық референдум өтті және соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Жалпы, Тәуелсіз Қазақстанның төл Ата заңының тарихы 1993 жылдан басталады. Ал, қазіргі қолданыстағы екінші Конституция жобасы заң саласындағы ірі тұлғалардың, ғалымдар мен саясаткерлердің қатысуымен дайындалып, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтың ортақ шешімімен қабылданған еді. Күні бүгінге дейін Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгерістер енгізілді. Ата заңымызға соңғы өзгертулер мен толықтырулар 2022 жылы 5 маусымда өткен жалпыұлттық референдум арқылы қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның 33 бабына бірнеше ондаған өзгеріс енгізілді.

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру үдерістеріне құқықтық негіз қалыптастыруға мәселелерін қамтиды.

Осынау айтулы датаны бүгінде бүкіл еліміз кең ауқымда атап өтіп жатыр. Жақында Шымкентте Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ата Заңым – Айбарым» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиынға Шымкент қаласының прокуратурасы басқарма прокуроры Берік Құрбанов және Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Асқар Мырзахмет қатысты.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен жиын жастардың құқықтық сауатын арттыру, елдің негізгі заңы – Конституцияның маңызын ұғындыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қолға алынған.

Кездесу барысында мамандар ел Конституциясының мазмұнына тоқталып, оның қоғамдағы орны, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етудегі рөлі жайлы кеңінен баяндап берді. Ата Заңмен кепілдендірілген құқықты толыққанды пайдалану, түрлі заңсыздықтың алдын алу, одан қорғану үшін адам баласына құқықтық білім-білігін үнемі жетілдіріп отыру қажет екенін түсіндірді.

Еркін форматта өткен отырыста жастар еліміздің заңдарына құрметпен қарап, құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын ұғынды. Спикерлер жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құқық саласында жинаған тәжірибесімен бөлісті.

Айта кетейік, Ата Заң – халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі. Еліміздің әрбір азаматы Конституцияның асқақ рухы мен маңызын, тарихын жақсы білуі тиіс. Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.

Мемлекеттің басты байлығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз елімізде адамдардың өсіп-өркендеуіне, өмір сүруіне, білім алып, демалуына, сөз бен шығармашылық еркіндігі, жеке басының бостандығы, ар-ожданының қол сұғылмауына, сот алдында құқықтарының тең болуына барынша кепілдіктер берілген. Конституция-біздің басты құндылықтарымызды, Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті.

Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады.

Previous Post

АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ

Next Post

Шымкентте бет-жүзді жасыратын киімдерге тыйым салу бойынша жаңа заң талаптары түсіндірілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі