13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​Әскерилер сарбаздардың ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізді  

18 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
​Әскерилер сарбаздардың ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізді  
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесу барысында жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері мен әскери бөлім командирлері сарбаздарды заттай мүлікпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету, әскерге шақырудың ашықтығы, мерзімді әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ моральдық-психологиялық қолдау мәселелеріне арналған баяндамалар жасады. Шымкент қаласының Жастар сарайында Шымкент пен Түркістан облысында орналасқан әскери бөлімдердің командирлері, қалалық және облыстық қорғаныс істері департаменттерінің басшылары, әскери полиция бөлімінің бастығы, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздардың ата-аналары, сондай-ақ республикалық «Сарбаз аналар комитеті – Аналар жүрегі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова қатысқан дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мерзімді әскери қызметтің өту жағдайлары, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы және бөлімдер командованиесі мен сарбаздардың отбасылары арасындағы өзара байланыстарды нығайту мәселелерін талқылауға арналды. Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Бибулатов дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде қоғамның әскерге деген сенімін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, ата-аналардың әскерге шақырылушылардың моральдық-патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлін ерекше көрсетті:

– Әскери қызметшілердің отбасылары бөлімдердің өміріне белсенді араласқаны маңызды. Ата-аналардың қолдауы сарбаздарды тәрбиелеуде және әскери қызметтің беделін көтеруде шешуші рөл атқарады, – деді Сергей Сергеевич. Кездесу барысында жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері мен әскери бөлім командирлері сарбаздарды заттай мүлікпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету, әскерге шақырудың ашықтығы, мерзімді әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ моральдық-психологиялық қолдау мәселелеріне арналған баяндамалар жасады. «Сарбаз аналар комитеті – Аналар жүрегі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеп, ата-аналардың сенімі мен командованиенің ашықтығы әскердің беделіне тікелей әсер ететінін атап өтті:

– Әскердегі қызмет қауіпсіз, әлеуметтік тұрғыдан қорғалған және беделді болуы тиіс. Жастар әскерге ықыласпен баруы қажет, ал олардың отбасылары балаларын сенімді қорғауда екеніне көз жеткізуі керек, – деді ол. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар мерзімді әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған жүйелі диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін растады..

Previous Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

Заң мен тәртіп – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың негізі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі