13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкенттің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандум бекітілді

16 февраля, 2021
in Билік
0
Шымкенттің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандум бекітілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы  және «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры үш жақты ынтымақтастық пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.  Енді тараптар өзара тең құқықтарын басшылыққа ала отырып, өз құзыры шеңберінде қаладағы әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне атсалысатын болады.

Жиында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева осыған дейін бірлескен жұмыстың нәтижелерімен бөлісіп,  осы үшжақты ынтымақтастықтың көздеген мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында әлеуметтік мәселелер негізінде қоғам өмірін жақсарту екенін айтты.

«Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры пандемия кезінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе отырып, қаламыздағы 13 мыңнан астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларды бір реттік азық-түлік топтамасымен қамтамасыз еткен болатын. Ал, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде азаматтық қоғамның жұмысын үйлестіру, мемлекеттік жастар мен отбасылық саясаттың ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева,  «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының директоры Дәуренбек Қурбаниязов және «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Жұмағали Билисбековтің  меморандумға қол қою рәсімін қортындылай келе, тараптар бірлескен жұмысқа жауаптылықпен қарап, өзара қолдауға ашық екендерін жеткізді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanЖанар БектаеваМұрат Әйтенов
Previous Post

Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасы 2020 жылды нәтижелі қортындылады

Next Post

Илон Масктің байқауында ақтық сынға шыққан қазақстандық өз стартапы туралы айтып берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі