13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

XVI Азия чемпионаты басталды: Үздік мергендер Шымкентте жиналды

18 августа, 2025
in Uncategorized
0
XVI Азия чемпионаты басталды: Үздік мергендер Шымкентте жиналды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Азияның таңдаулы мергендері жиналды!

Шымкентте спорттық оқ атудан XVI Азия чемпионатына арналған баспасөз конференциясы өтті. 30 тамызға дейін өтетін құрлықтық додаға 27 елден 800-ден астам спортшы қатысады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.

Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.

Спортшылар  «тапанша», «мылтық», «қозғалмалы нысана», «стендтік ату», «трап», «скит» және «скит-микс» бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.

Жарыстың мақсаты- атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру, рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕГІ «BAIKRA» КӘСІПОРЫНЫ ТҰРАҚТЫ ӘРІ ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі