Шымкент қаласында орналасқан «BAIKRA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гигиеналық өнімдер өндірісі бағытында табысты жұмыс жүргізіп келеді.
Жобаның жалпы құны – 375 миллион теңге. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 1800 тонна дәретхана қағазы мен 415 тонна ылғалды майлықты құрайды.
Зауыт 1,1 гектар аумақта орналасқан және бүгінде 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өнімдер ішкі нарыққа жеткізіліп, отандық тұтынушылар арасында сұранысқа ие.
«BAIKRA» ЖШС-нің қызметі қаланың жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына үлес қосып, отандық өндірістің әлеуетін арттыруға бағытталған. Кәсіпорын жұмысы өңірлік экономиканың тұрақты дамуына септігін тигізуде.




