13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ: Шымкентте түрлі форматта іс шаралар өтеді  

24 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ: Шымкентте түрлі форматта іс шаралар өтеді  
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отбасы қолдау және дағдарыс орталықтарында тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, қала аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға арналған «TazaLike», «Менің таза аулам» акцияларын өткізу жоспары бар. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтеновтің төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын өңірлік жоспар жүзеге асырылуда. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мәдени бағыттағы және жастар бастамаларына, сондай-ақ белсенді ақпараттық сүйемелдеуге басымдық беріліп отыр. Мерекелік іс-шаралар 1 тамызда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесі мүшелерінің Ашық есік күнінен басталады. 6-29 тамыз аралығында құқық қорғау органдары өкілдерінің, жастардың, білім беру ұйымдары мен мәдениет-өнер мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар жоспарланып отыр. Ал кітапханаларда танымдық сағаттар өткізіліп, кітап көрмелері ұсынылады. Бұдан бөлек Отбасы қолдау және дағдарыс орталықтарында тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, қала аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға арналған «TazaLike», «Менің таза аулам» акцияларын өткізу жоспары бар. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлері, Азаматтық қоғам өкілдерінің, мәдениет пен өнер қызметкерлерінің құттықтау челлендждері әлеуметтік желілерде жарияланып, телеарналарда мерекелік бейнематериалдар ұсынылатын болады. «Қызғалдақ» сарайында мерекелік салтанатты іс-шара және қаламыздың бес аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттер жоспарлануда. Мақсат – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастар арасында патриотизмді дамыту. Жиын қорытындысымен жауаптыларға маңызды мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Previous Post

Шымкент тұрғындарына цифрлық заң қызметі қолжетімді бола түсті

Next Post

Заң мен тәртіп: Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі