13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент тұрғындарына цифрлық заң қызметі қолжетімді бола түсті

24 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкент тұрғындарына цифрлық заң қызметі қолжетімді бола түсті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі 328 нотариус жарты жылдың ішінде 390 мыңнан астам қызмет көрсетсе, соның 15 мыңнан астамы онлайн форматта жүзеге асырылған. Шымкент қаласында заңгерлік қызметтің жаңа дәуірі басталды. Қала тұрғындары бүгінде құқықтық көмекке бұрынғыдан да оңай әрі тиімді жолмен қол жеткізіп отыр. Әділет департаментінің бастамасымен енгізілген бірқатар цифрлық шешімдер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, заңдық дауларды жылдам шешуге ықпал етуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Шымкент қаласы бойынша әділет саласындағы жұмыс қорытындылары, жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Исабекова Айнұр Ақжігітқызы баяндады. Мәселен, «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы мен чат-боттар арқылы халық тәулігіне 24 сағат бойы кеңес алып жүр. Бұл сервистер «E-gov» платформасында және «adilet.zan.kz» сайтында қолжетімді. Жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерген. Нотариат саласында да тың серпін байқалады. Шымкенттегі 328 нотариус жарты жылдың ішінде 390 мыңнан астам қызмет көрсетсе, соның 15 мыңнан астамы онлайн форматта жүзеге асырылған. Бұрын жиі сынға ұшыраған атқару жазбалары да қазір автоматты түрде борышкерге SMS арқылы жеткізіліп, азаматтар қарсылығын онлайн түрде жолдай алады. Бұл қағазбастылықты қысқартып, уақытты үнемдейді. Электронды апостиль жүйесі де кеңінен қолданылуда. АХАТ, нотариус және мемлекеттік органдар құжаттарына апостиль қою енді «Egov» арқылы оңай рәсімделеді. Бұл жаңашылдық, әсіресе, шетелге құжат жіберетіндер үшін маңызды жеңілдік. Айта кетерлік тағы бір жаңалық – «географиялық нұсқама» ұғымының енгізілуі. Шымкент кәсіпкерлері бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, «Сайрам Нан», «Тассай ет», «Шымкент макарон» сынды брендтерді заңмен қорғауға алды. Бұл олардың өнімін нарықта танымал етіп қана қоймай, мемлекеттік қолдауға жол ашады. Бұдан бөлек, зияткерлік меншік құқығын қорғау бағытында жүргізілген тексерулер нәтижесінде жалған өнімдерге қатысты 14 іс қозғалып, 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 30 мыңнан аса контрафактілік тауар тәркіленген. Қорыта айтқанда, Әділет департаментінің бастамалары құқықтық қызметтерді цифрлық кеңістікке көшіру арқылы шымкенттіктердің құқықтық қолжетімділігін арттырып, құқықтық мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Previous Post

Партия «AMANAT» провела выездную общественную приемную с жителями Жанаталапа города Шымкен

Next Post

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ: Шымкентте түрлі форматта іс шаралар өтеді  

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі