13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда медициналық журналистика бойынша оқыту курстары аяқталды

13 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Алматыда медициналық журналистика бойынша оқыту курстары аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен медициналық журналистика бойынша оқыту курстары аяқталды.
Бес күн ішінде курстарға қатысушыларға адамның репродуктивті денсаулығы, трансплантология, медициналық құқық, дәрігерлік қателіктер, дұрыс тамақтану, коронавирус пандемиясы, вирусология және эпидемиология саласындағы өзекті мәселелер түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушылар клиникалық базаларға барып, медициналық ұйымдардың қызметімен және дәрігерлердің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Курстармен 50-ден астам БАҚ («Қазақстан» РТРК» АҚ, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС, «Atameken business» Media holding, ОРТ Қазақстан – Еуразия, Tengrinews.kz, 365info.kz және т.б.) және азаматтық сектор өкілдері қамтылды. Курс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Дәріскерлер ретінде профессор, ҚР ҰҒА академигі, РМТҒА академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының (ҚРМҚ) президенті, Халықаралық репродуктология академиясының президенті Вячеслав Локшин, медицина профессоры, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, Халықаралық денсаулық сақтау және ауруханалық басқару саласындағы маман, Америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман, медицина ғылымдарының докторы, Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология кафедрасының профессоры Сәкен Әміреев және басқалары сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, С. Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның негізгі мақсаты медицина саласында маманданған салалық журналистерді даярлау.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Еңбекмині Қазақстанның 4 өңіріндегі Мединицалық-әлеуметтік сараптама қызметкерлерін жазалады

Next Post

Мәскеуде Қазақстан-Ресей СІМ-аралық консультациялар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі