13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жүргізушілерге жеке куәлікпен жүру жеткілікті

13 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Жүргізушілерге жеке куәлікпен жүру жеткілікті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, 13 ақпанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Автоәуесқойларға өздерімен бірге жүргізуші мен көлік құралын тіркеу куәліктерін алып жүрмеуге болады. Осы құжаттардың жоқтығы үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жүргізушілер өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып жүруі тиіс.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, «жүргізушілердің өзімен бірге бұл құжаттарды алып жүру және жүргізуші құжаттарын көрсету міндетін алып тастау – бұл заманауи технологиялық «сервистік» полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам».

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автомобильдің тиесілігін ақпараттық жүйелер арқылы тексереді. Қызметтік планшеттерде «әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» бағдарламасы орнатылған, онда жүргізуші мен автокөлік туралы барлық деректер: автокөлік құралы кімге тиесілі екені, қандай құқық бұзушылықтар тіркелгені, техникалық байқаудан өткен-өтпегені және сақтандыру полисі ресімделгені туралы деректер болады. Бүгінде патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінде осындай 8 649 планшет бар.

Жеке басты куәландыратын құжаттарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі жатады. Студенттік билет, қызметтік куәлік бұл тізімге кірмейді.

Бұдан басқа, қабылданған түзетулердің шетелдік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізу құқығына куәлік алған жүргізушілерге қатысы жоқ. Олар жүргізу кезінде жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсетуге міндетті.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев: «Мемлекет көлікті басқаруды айтарлықтай жеңілдетті, бірақ жүргізушілер жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін өз жауапкершілігін есте сақтағаны абзал»,-деп атап өтті.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстанда 8 колледж жабылды

Next Post

Еңбекмині Қазақстанның 4 өңіріндегі Мединицалық-әлеуметтік сараптама қызметкерлерін жазалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі