13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Пранктар заң бұзуға себеп емес

11 июля, 2025
in Uncategorized
0
Пранктар заң бұзуға себеп емес
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады.
Құрметті азаматтар!
Соңғы уақытта интернетте пранк және экстремалды көріністер бейнеленген видеолар жиі таралуда. Мұндай ойындар мен қауіпті трюктер әлеуметтік желілерде «хайп» үшін жасалуда. Өкінішке орай, «лайк пен қаралым үшін жарыс» әзіл-қалжың мен дұрыс көңіл көтерудің шеңберінен шығып кетуде. Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр. Мұндай әрекеттер жалпыға қауіпті және қоғамдық тәртіпті бұзады. Жыл басынан бері осындай деректер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Астанада блогерлер лифт ішінде «мәйіт» тасып және балтамен шабуыл жасап, видео түсірген. Бұл видео жолаушылардың үрейін ұшырып, қатты қорқыныш тудырды. Аталған қатыгез пранктің барлық қатысушылары 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Алматы облысында экстремалды видео түсіру кезінде жас жігіт келе жатқан көліктің үстінен секірмек болды. Өкінішке орай, бұл әрекет қайғымен аяқталды — ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Мұндай әзілдер қауіпті ғана емес, сонымен қатар әдеп нормаларына сәйкес келмейді, қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпсіздікке қол сұғып, орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Бұл көріністердің куәгерлері көбіне шок алып, күйзеліске ұшырайды. Ал орындаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді. Ішкі істер министрлігі ескертеді: қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер — бұл өнер емес, бұл — заң бұзушылық. Біз осындай контент авторларына үндеу жолдаймыз: Күмәнді көріністі түсірмес бұрын немесе оған қатыспас бұрын салдарын ой елегінен өткізіңіз; Өмірде де, интернетте де өзгелердің сезімін, қауіпсіздігін және жеке шекарасын құрметтеңіз. Заңды сақтаңыздар және құқықтық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге бармаңыздар, — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

 

Previous Post

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Next Post

Сот сараптамасының қазіргі жай-күйі қалай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі