13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

11 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала басшысы аудан әкіміне барлық құрылыс жұмыстарын абаттандыру талаптарына сай және толық көлемде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады. Сапар аясында алдымен Сайрам көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысы тексерілді. Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын бұл учаскенің жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Аталған аумақты абаттандыру аясында Ақназар хан көшесіне дейін жарықтандыру жүйесін орнату көзделген. Жоба шеңберінде 310 жарық бағанасы орнатылады. Қала басшысы аудан әкіміне және тиісті басқарма басшыларына барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Одан кейін әкім Еңбекші ауданында орналасқан «Zammler» ЖШС-нің қойма кешеніне барды. Логистикалық бағытта қызмет көрсететін бұл компания Қазақстан аумағында жүк тасымалы және транзиттік тасымалмен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын Шымкент қаласындағы 20 мыңнан астам серіктеске қызмет көрсетіп, 130 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кездесу барысында компания басшылығы қойма инфрақұрылымын кеңейту жоспары туралы ақпарат берді. Қала әкімі өз кезегінде салықтық міндеттемелерді уақтылы және адал орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сапар соңында әкім «Абдулабад» тұрғын алабындағы орталық көшенің бір бөлігін асфальттау жұмысының барысын тексерді. Бұл аумақта балалар және спорт алаңшаларының құрылысы да қатар жүргізілуде. Аталған жұмыстар тұрғындардың көшпелі кездесу барысында айтқан ұсыныс-тілектері негізінде жүзеге асырылып жатыр. Қала басшысы аудан әкіміне барлық құрылыс жұмыстарын абаттандыру талаптарына сай және толық көлемде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Next Post

Пранктар заң бұзуға себеп емес

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі