13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЗАҢГЕРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

9 июля, 2025
in Uncategorized
0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЗАҢГЕРЛІК ФОРУМ ӨТТІ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Конституцияның ел дамуына қосқан үлесі мен құқықтық жүйенің негізі ретінде атқаратын рөлін жан-жақты талдады. Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған бірлескен заңгерлік форум өтті. Іс-шараға Конституциялық Соттың судьялары, ҚР Бас прокуратурасының өкілдері және заңгерлік қауымдастықтың басқа да өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Шымкентке іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова да форум жұмысына белсенді қатысып, пікірлерін білдірді. Жиынды университет ректоры Ахмед-Зәки Дархан Жұмақанұлы ашып, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен құқықтық сана қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Келесі сөз кезегі ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Құдиярұлына берілді. Ол өз баяндамасында Конституцияның ел дамуына қосқан үлесі мен құқықтық жүйенің негізі ретінде атқаратын рөлін жан-жақты талдады. Депутат Конституция үстемдігі мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, нақты мысалдар келтірді: «Біз Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығын атап өтудеміз. Бұл – тарихи маңызы зор дата ғана емес, сонымен қатар ел дамуының жаңа кезеңдерін саралап, құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы жетістіктерімізді бағалайтын маңызды сәт. Конституция – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы негізгі құжат. Оның үстемдігін қамтамасыз ету – заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің ортақ жауапкершілігі. Осы орайда, Парламент депутаттары ретінде біз құқықтық реформаларды сапалы іске асыруға және заң алдындағы жауапкершілікті күшейтуге күш жұмсап келеміз», – деді Нұрлан Құдиярұлы. Жиын соңында қатысушылар арасында пікір алмасу, сұрақ-жауап және өзекті мәселелерді талқылау сессиясы ұйымдастырылды.

Previous Post

СОТ САРАПТАМАСЫ САЛАСЫНА СЕРПІН ҚАЖЕТ

Next Post

«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы бастау алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі