13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

9 июля, 2025
in Uncategorized
0
​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тұран ауданында орналасқан су-спорт кешенінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да бақылауға алынды. Шымкент қаласының әкімі жұмыс сапары аясында бірқатар инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қаратау ауданындағы «ӘІО-160 Гкал» қазандығында жылу маусымына дайындық шеңберінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тексерілді. Қазіргі уақытта бұл нысандағы бес қазандықтың барлығы жоспарға сәйкес жөнделіп жатыр. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына – атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінің сақталуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. Сапар барысында қала әкімі «Мәртөбе» тұрғын алабындағы «Ахал Теке ДС» ЖШС индустриялық өндірістік алаңына барып, мұнда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Аталған алаңда орналасқан «Nomad Cool» ЖШС өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын орнату жобасын қолға алған. Кәсіпорын отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған және шамамен 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, осы өндірістік аймақта алюминий терезелері мен есіктерін шығаратын «Yaliang» ЖШС да жұмыс істейді. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 25 мың шаршы метрді құрайды, мұнда 15 адам еңбек етеді. Қала басшысы индустриялық алаңдардың инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орындарын ашудағы маңызын атап өтіп, жауапты сала мамандарына кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, бұл бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен бірге «Ұлағат» шағынауданындағы кәріз жүйесін қалпына келтіру жұмыстарының барысы тексерілді. Мердігер мекемеге барлық жұмыстарды 2025 жылғы шілде айының соңына дейін толық аяқтау тапсырылды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына – құрылыс нормаларын қатаң сақтау және жобаның әр кезеңін бақылауда ұстау жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Тұран ауданында орналасқан су-спорт кешенінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да бақылауға алынды. Қала әкімі нысанның қазіргі жай-күйімен танысып, мердігер ұйыммен жұмыс кестесі мен кезеңдерін талқылады. Құрылыс басқармасына жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын, сондай-ақ техникалық стандарттар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сапар соңында Еңбекші ауданындағы «Бадам-Лесхоз» ЖШС балансына қарасты бау-бақша учаскелері араланды. Қалалық жайлы орта қалыптастыру басқармасына бұл аумақтарды тиімді пайдалану, сондай-ақ бау-бақшаны дамыту мақсатында жалға беру мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде тапсырма берілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: үй жануарларын міндетті есепке алу жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі