13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: үй жануарларын міндетті есепке алу жұмыстары жүргізілуде

9 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: үй жануарларын міндетті есепке алу жұмыстары жүргізілуде
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала аумағында жануарларды тіркеу kezekte.kz платформасындағы TANBA дерекқоры арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шымкент қаласында үй жануарларын міндетті есепке алу рәсімі енгізілді. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді. Есепке алуды ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызметпен айналысатын жеке немесе мемлекеттік емес клиникалар мен жергілікті мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады. Үй жануарларын есепке алу процесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы №169 бұйрығына сәйкес жүргізіледі және арнайы сәйкестендіру құралдарын (болюстер, чиптер, білезіктер, жағалар, шлейкалар, электрондық белгілер, құлақ сырғалар немесе татуировкалар) қолдану арқылы ақылы негізде іске асады. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұл қызмет бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетілуі тиіс болғанымен, әзірге мұндай өтінімдер түспегендіктен, бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Қала аумағында жануарларды тіркеу kezekte.kz платформасындағы TANBA дерекқоры арқылы жүргізіледі. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бері 2 мыңға жуық жануар (1492 ит, 476 мысық) тіркелсе, 2025 жылдың басында қосымша 130 ит пен 42 мысық дерекқорға енген. Есепке алу міндетті түрде иттер мен мысықтарды қамтиды, ал теңіз шошқасы, шиншилла, күзен, сәндік егеуқұйрық, тасбақа, ергежейлі шошқа, хомяк және маймыл сияқты жануарларды тіркеу ерікті түрде жүзеге асырылады. Үй жануары өлген жағдайда оның иесі он күн ішінде бұл туралы жергілікті ветеринариялық ұйымға немесе тіркеу қызметін көрсететін клиникаға хабарлауға міндетті. Тіркеуден өтпеген жануар иелеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі бойынша айыппұл көзделген: жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға – 20 АЕК, заңды тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде. Бүгінде қалада үй жануарларын тіркеуді жүзеге асыратын 9 ветеринарлық клиника бар. Олардың қызмет құны 5 000–12 000 теңге аралығында, бағаны тұрақтандыру мақсатында құзырлы органдарға хаттар жолданып, шаралар қабылданып жатыр. Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды ізгілікті әдіспен реттеу үшін стерилизация (кастрация) мен чиптеу шаралары қолға алынған. Бұл жұмыстар «Ветеринариялық қызмет» МКК тарапынан 2025 жылдың шілде айынан басталып, жыл соңына дейін 4 000 ит-мысықты қамту жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер ұйым анықталып, олардың деректері де бірыңғай базаға тіркеледі. Бұл шаралар жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ПЕН ҚОҚЫС ТАСТАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАРСЫ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ  

Next Post

​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі