13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте киберполицейлер жас интернет пайдаланушыларға профилактикалық сабақ өткізді

8 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте киберполицейлер жас интернет пайдаланушыларға профилактикалық сабақ өткізді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте киберполицейлер жас интернет пайдаланушыларға профилактикалық сабақ өткізді. Қаржылық қауіпсіздік күні аясында қалалық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жазғы лагерьде балаларға қаржылық қауіпсіздік бойынша профилактикалық сабақ ұйымдастырды. Полицейлер балаларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып, алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталды. Әсіресе, онлайн-ойындарда туындауы мүмкін қауіптерге ерекше назар аударылды. Мамандар балаларға банк картасының нөмірі, құпия сөздер мен растау кодтары сияқты жеке деректерді ешкімге бермеу керегі туралы түсіндірді. Кездесу барысында киберполиция қызметкерлері балаларға жеке ақпаратты қорғау жолдарын, интернеттегі қауіпті белгілерді қалай тануға болатынын жеткізді. Айта кетейік, мұндай іс-шаралар балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етеді.

Қазақстан полициясы күніне орай Шымкент қаласының полиция департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге қатысып, құқық қорғау саласының тыныс-тіршілігімен танысты. Жастар департаменттің музейіне барып, ішкі істер органдарының тарихына шолу жасады. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының рухына тағзым етіп, Обелискке гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында қонақтар Жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық тәртіптің қалай қамтамасыз етілетінін өз көздерімен көрді. Бұл орталықтың жұмысы жастарға ерекше әсер қалдырды. Күннің ең қызықты сәттерінің бірі жедел қимылдайтын арнайы жасақтың кәсіби шеберлігін көрсеткен жаттығулары болды. Қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәсілдері мен арнайы дайындық элементтері көрермендер көңілінен шықты. Сонымен қатар қонақтарға заманауи техника мен арнайы құрал-жабдықтар таныстырылып, криминалистердің қылмысты ашудағы жұмысы таныстырылды. Іс-шара соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Олар үшін бұл күн тек қызықты ғана емес, болашақ мамандық таңдауға жол көрсеткен маңызды тәжірибе болды.

Previous Post

“Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет”: Шымкентте флешмоб ұйымдастырылды

Next Post

Бұған дейін ісін Жоғарғы сот қарамаған азаматтар кассациялық сотқа жүгіне алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі