13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет”: Шымкентте флешмоб ұйымдастырылды

8 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
“Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет”: Шымкентте флешмоб ұйымдастырылды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында кең ауқымды іс-шара ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz. “Металлург” стадионында өткен флешмобқа “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары, студенттер, еріктілер, департаменттің жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары және кәсіби спортшылар қатысып, өз үлестерін қосты. Шара барысында жас жол инспекторлары жол жүру ережелері мен жол белгілерін жақсы меңгергендерін көрсетіп, өз білімдерін ортаға салды. Полицейлер жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау, мұқият болу және қозғалыстың барлық қатысушыларына құрметпен қарау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары, жол қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Шымкентте полицейлер балалармен профилактикалық кездесу өткізді Авторы Қымбат Абдалимова 26 Маусым 2025 ж., 14:47 жарияланған 112 Шымкентте полицейлер жазғы лагерьде балалармен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жазғы лагерьде балалармен кездесіп, танымдық әңгіме жүргізді. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған. Мамандар балаларға өз денсаулығына мұқият қараудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың және белсенді өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндірді. Тәртіп сақшылары бейтаныс адамдар ұсынған белгісіз заттарды ешқашан алмау керектігін, сондай жағдай туындаса, не істеу керек екенін қарапайым әрі түсінікті тілмен айтып жеткізді. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Балалар қонақтарды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында полиция қызметкерлері балаларға көңілді және қауіпсіз демалыс тіледі.

Жол апаттарының алдын алу — әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Осы ретте, көлік құралын техникалық тексерістен өткізіп тұрыңыз.
Кішкентай ақаудың өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.

Жүк көлігін жүргізген кезде жүктің дұрыс бекітілуін мұқият тексеріп, көлік салмағы мен ұзындығын ескеру қажет. Қашықтықты сақтап, қала ішінде де, тас жолда да жылдамдықты асырмаңыз. Жолақ ауыстырмас бұрын “соқыр аймақты” міндетті түрде тексеріңіз.

Автобус жүргізушілері жолаушылардың өмірі мен амандығына тікелей жауапты. Сондықтан, әр бұрылыс пен тежеу — жолаушы қауіпсіздігіне әсер етеді. Кенет тоқтау мен күрт бұрылудан аулақ болыңыз. Ауа райы қолайсыз кезде жылдамдықты азайтыңыз, жарық шамдарын қосыңыз. Жолда тоқтауға мәжбүр болсаңыз — апаттық жарық шамын жағып, ескерту белгісін қойыңыз. Алкогольден толық бас тартыңыз, телефонға алаңдамаңыз!

Жол — адам өмірінің кеңістігі.
Мұқияттылық пен тәртіп — қауіпсіздіктің кепілі!

Previous Post

Автокөлік қылмыстары, жалған шанақ нөмірлері және сарапшының қылмысты ашудағы рөлі – Трасологмен сұхбат

Next Post

Шымкентте киберполицейлер жас интернет пайдаланушыларға профилактикалық сабақ өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі