13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАЛА ТАҢДАЙДЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАЙДЫ: Шымкентте ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылды

8 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
БАЛА ТАҢДАЙДЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАЙДЫ: Шымкентте ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 344 жеке үйірме мен орталық жұмыс істеуде. Алайда бұл көрсеткіштің өсуі – бәсекелестік ортаның қалыптасуына негіз болады. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және салалық басқарма басшыларының қатысуымен қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырыс (ваучерлік қаржыландыру) енгізу мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті. Кездесу барысында ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу аясындағы өзекті мәселелер мен болашақта туындайтын сын-қатерлер талқыланды.

Әкім орынбасары Сәрсен Абайұлы жүйені жүзеге асыру барысында анықталған бірқатар заңбұзушылықтарды, атап айтқанда, бір педагогтың бірнеше үйірмеде қатар жұмыс істеуі және бір баланың жетіге дейін үйірмеге тіркелуі сияқты жағдайларды ашық жария етті. – Қосымша білім беру саласына бөлінетін қаражат көлемі айтарлықтай ұлғайды. Атап айтқанда, жеке өнім жеткізушілер үшін бір балаға арналған ай сайынғы қаржыландыру мөлшері – 15 000 теңге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – 22 500 теңге, ал мүгедектігі бар балалар үшін – 30 000 теңгені құрайды. Бұл бағытқа жыл сайын шамамен 10 миллиард теңге бөлінеді.

Мұндай ауқымды қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы – басты талап. Сол себепті біз сапалы қызмет көрсететін өнім жеткізушілерге қолдау көрсетеміз. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 344 жеке үйірме мен орталық жұмыс істеуде. Алайда бұл көрсеткіштің өсуі – бәсекелестік ортаның қалыптасуына негіз болады. Қызмет сапасы мен қолайлы жағдай жасауда бәсекеге қабілетті ұйымдар ғана нарықта қалады. Ал таңдауды ата-аналар мен балалардың өздері жасайды, – деді Сәрсен Құранбек. Кездесу қорытындысы бойынша, ваучерлік қаржыландыруды іске асыруда ашықтықты, сапаны және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсыныстар қарастырылып, алдағы іс-шаралар жоспары нақтыланды.

Previous Post

Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Next Post

Автокөлік қылмыстары, жалған шанақ нөмірлері және сарапшының қылмысты ашудағы рөлі – Трасологмен сұхбат

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі