13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛІП, САЯХАТШЫЛАРҒА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

22 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛІП, САЯХАТШЫЛАРҒА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.

✔️Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара» су қоймасының жағалауында орналасқан бірқатар демалыс орындарын кезекті рет аралап, тазалығы пен қауіпсіздігін, өткен сапарда берілген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Облыс басшысы жағажайларға жауапты тұлғалармен, кәсіпкерлермен жүздесіп, мұнда санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұқыпты орындауды тапсырды.

– Тазалық пен қауіпсіздік – туризмді дамытудың бір тетігі. Демалушыларға, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – деді Нұралхан Көшеров.

✔️Шардарадағы жағажайлар ретке келтірілген. Мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп, полиция қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік талаптары қатаң қадағалануда. Тексеру барысында 409 сәкінің 171-і талапқа сай болмағандықтан алынып тасталды. Қалған 238 сәкі су жағасынан 50 метрге жылжытылды. Бүгінде мұнда 6 биоәжетхана, 160 қоқыс жәшігі, және 10 киінуге арналған кабина орнатылды. Тазалық жұмыстарына 11 техника, 80 жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар жағалаулардың түбін тазалау жұмыстары атқарылды. Орман шаруашылығымен 5 келісімшарт тоқтатылды, полиция қызметкерлері тарапынан 196 құқықбұзушылық анықталып, жалпы 36 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды. 1 демалыс орнына тексеру жүргізіліп, талапты бұзғаны үшін сотқа материал жолданды. Кәсіпкерлер де заң шеңберінде жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта жағажай аумағына 16 құтқарушы бекітіліп, қалқымалы қауіпсіздік белгілері орнатылған. Жалпы су қоймасының көлемі 5,2 млрд. текше метр. Ал ұзындығы 80 шақырымды құрайды.

Н.Көшеров жауаптыларға қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, демалушыларға қолайлы жағдай жасауды міндеттеді. Шомылу маусымын ойдағыдай атқаруды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысына келуші саяхатшылар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген. «E-qonaq» жүйесіндегі деректерге сәйкес, биылғы 5 айда Түркістан облысына 18699 шетелдік турист келген. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2 есе көп. Әсіресе, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан елдерінен саяхатшылар көп келген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі өзгере ме? Конституциялық сот мәлімдеме жасады

Next Post

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында заңсыз құрылыс қалдықтарының алдын алу мақсатында рейд өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі