13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жайлы мектептерге қатысты мәселелер қаралды

3 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жайлы мектептерге қатысты мәселелер қаралды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

29 жайлы мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жайлы мектептердің директорларымен мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелер бойынша талқылау жүргізді. Түркістан өңірінде жобалық қуаттылығы 22 900 орынды құрайтын 29 жайлы мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 2024 жылы 13 жайлы мектеп ашылса, жыл соңына дейін 16-ы пайдалануға беріледі. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жайлы мектептердің директорларымен мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелер бойынша талқылау жүргізді. Жиында жаңа оқу жылында ашылатын жайлы мектептердің дайындығы, құрылыс сапасы мен талапқа сәйкестігі, лицензия алу, оқушылар қабылдау, педагогтарды және техникалық мамандарды жұмысқа орналастыру кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау мәселелері қаралды. – Бүгін барлығыңызды бір ортаға алғаш рет жинап отырмыз.

Проблемалар мен ұсыныстарды тізіп, ортақ шешімдер қабылдаймыз. Кез келген мәселені жауапты басқармалар, облыс әкімдігі, қажет болған жағдайда министрлік арқылы шешуге дайынбыз. Жайлы мектептерді материалдық-техникалық базасы, білікті кадрлармен қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Сондықтан директорлар педагогикалық құрамды жасақтауларыңыз қажет. Ұстаздар пәндік біліммен қатар жаңа формацияны меңгерген және цифрлық әлемге бейім болуға тиіс. Мамандарды іріктеу кезінде негізгі құндылықтардан бөлек, шығармашыл қабілеті, адалдық ұстанымы мен жаңашыл көзқарасына мән беріңіздер. Құжаттарының шынайылығын тексеріңіздер.

Жергілікті тұрғындарға, ата-аналарға жайлы мектептің мүмкіндігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жүргізу артықтық етпейді. Ал ғимараттардың құрылыс сапасына мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады. Бұл бағыт облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қатаң қадағалауында тұр. Сондай-ақ лицензия алу жұмыстарын аяқтаңыздар, – деді Бейсенбай Дәулетұлы. Отырыста білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов осы білім ұяларына бала қабылдау туралы айтса, бөлім басшылары нысандардың мүлкін күтіп ұстау мен педагог кадрларды іріктеу бойынша баяндама жасады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – еліміздегі білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды бастама. Бұл білім ұялары заманауи инфрақұрылым, қауіпсіз және инклюзивті орта, инновациялық білім беру әдістері, толық күндік оқу форматы және санитарлық-гигиеналық талаптарымен ерекшеленеді. Апатты, екі және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталған.

 

Previous Post

Түркістандық колледж өкілдері Қытайда тәжәрибе алмасты

Next Post

ТҮРКІСТАН: 51,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі