13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық колледж өкілдері Қытайда тәжәрибе алмасты

3 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістандық колледж өкілдері Қытайда тәжәрибе алмасты
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аграрлық колледждерінде жұмыс істейтін 8 агроном-оқытушысы қатысты. Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында фермерлерге арналған халықаралық оқыту курстары өтті. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында фермерлерге арналған халықаралық оқыту курстары өтті. Бұл бағдарламаға Түркістан облысының аграрлық колледждерінде жұмыс істейтін 8 агроном-оқытушысы қатысты.

Аталған сапар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қолдауымен жүзеге асып, өңір мамандарының әлемдік деңгейде білім алып, халықаралық тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды. Курс Қытайдың жетекші аграрлық университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қатысуымен ұйымдастырылды. Бағдарлама Орталық Азияның нақты климаттық және өндірістік ерекшеліктеріне бейімделіп жасалған. Тренингтер аясында қатысушылар органикалық егіншілік, су үнемдеу технологиялары, агроинновациялар, тұқым шаруашылығы, цифрлық ауыл шаруашылығы, агробизнес және экспортқа бағытталған өнім өндірісі бойынша білім алды. Сапардың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, заманауи агротехнологияларды енгізу және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Алдағы уақытта шетелдік әріптестермен бірлескен жобалар әзірленіп, үйренген тәжірибе нақты іске асырылады. 2024 жылғы 7 шілдеде Вэйнань мен Түркістан қалалары арасында достық, алмасу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл құжат Қытай бас хатшысы Си Цзиньпин ұсынған “Бір белдеу – бір жол” бастамасы аясындағы халықаралық байланысты нығайтудың нақты көрінісі саналады. Вэйнань қаласының сыртқы экономикалық және техникалық ынтымақтастық бюросының бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара Қытайдың заманауи ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа технологиялары мен тұжырымдамаларын үйренуге бағытталды. Вэйнань аймағының ауылшаруашылық ресурстық әлеуетіне сүйене отырып, алдағы уақытта осындай мақсатты оқыту алмасулары жалғасады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Кәсіпорындар мен зауыттар көбейіп жатыр

Next Post

ТҮРКІСТАН: Жайлы мектептерге қатысты мәселелер қаралды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі